ЕС

ЕС – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақ- талып, қайтадан жаңғыртылып, та- нылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Е. – күрделі психикалық процестердің бірі. Е. есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту се- кілді процестерден тұрады. Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімі тү- сіндіретін. Жүйке жүйесінің плас- тикалылығы дегеніміз – түрлі қозу- лардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабі- леті. Уақытша байланыстардың ті- келей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есі- нің мимен қалайша байланысты екен- дігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ.

Мәселен, ес құбылысының табиға- тын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстары- мен байланыстырса (есті зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт), енді бір зерттеушілер есті мидың нейро- химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір жасушаларын бір сыдырғы зерттегенмен естің бүкіл ми масса- сынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді. Бір нәрсені еске сақтау – оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассо- циация деп атайды. Егер бұрын бірне- ше объектіні бір мезгілде немесе бі- рінен соң бірін елестетсек, не ойла- сақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объекттің біре- уін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлігін тудыруға себеп бола- ды. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшы- лы Аристотель (б.д.д. 384-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек ті- келей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекетін, қалған түрле- рін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіруге бұл принципті қолданбады. Ғылым- да тұңғыш рет ассоциация ілімін шарт- ты рефлекс теориясымен делелдеген, осы негізде көптеген психикалық про- цестердің табиғатын түсінуге бола- тындығын көрсеткен ұлы орыс ға- лымы И.П.Павлов болды.

И.П.Павлов психологияда ассоциа- циялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабат- тасып келуіне байланысты пайда бо- лып, сан рет қайталаудың нәтижесін- де бекіп отыратын уақытша байла- ныстар екенін түсіндірді. Ұлы ға- лым бұл туралы былай деп жазды:

«Уақытша жүйкелік байланыс – жануарлар дүниесінде де, біздің өзі- мізде де байқалатын жан-жақты фи- зиологиялық құбылыс. Сонымен қа- тар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлер- ден құрылса да немесе әріп, сөз, әл- де ойдан құрылса да психикалық құбылыс болып табылады, оны пси- хологтар ассоциация деп атайды. Ас- социациялардың Аристотель зама- нынан белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсастық және қарама- қарсылық ассоциациялар. Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былай- ша түсінуге болады:

  • Іргелестік ассоциациясы бойын- ша бір зат жөніндегі елес өзімен бір- ге оған қатысы бар екінші затты қо- са туғызады.
  • Ұқсастық ассоциациясынан нәр- сенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес ол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші зат- ты елестетеді.
  • Қарама-қарсылық ассоциация- сында бір зат туралы елес оған қара- ма-қарсы екінші затты не құбылыс- ты еске түсіреді.

Онда қалдырылатын не жаңғырыла- тын нәрсенің сипатына қарай Е. төрт- ке бөлінеді. Олар: қозғалыс, бейнелік, логикалық және эмоциялық естер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *