ЕС ТЕОРИЯЛАРЫ – Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың да- муына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық не- гіздері мен физиологиялық амалда- рын зерттеу өзіне ерекше назар ау- дарды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекеле- ген жүйке жасушаларының жұмы- сын зерттеу деңгейінде және олар- дың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғыру үр- дістерінде мидың әртүрлі жасуша- ларының рөлі туралы, сонымен қа- тар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңы- зы туралы сұрақтарға толықтай бір- жақты, сендіретіндей жауаптар әзір- ше алынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айтылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарасты- руға болады. Осыған байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психология- лық теориялары болып табылады.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі тео- риялар қалыптасты: олардың ішінде естің зерттеу амалдары мен заңды- лықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибер- нетикалық теорияларды ерекше атау- ға болады. Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хроноло- гиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен та- раған. Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жой- маған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теория болды. Бұл теория негізінен Англия- да кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация туралы ұғым жатады. Ассоциация – жекелеген психика- лық үрдістердің арасындағы байла- ныс, сонымен қатар қоршаған дүние- дегі құбылыстар мен заттардың ара- сындағы байланысы айтылады. Бұл теория бойынша ес қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциа- циясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзім- ді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ас- социациясы.
Осы теорияның арқасында естің қызмет істеуі мен амалының көп- теген заңдылықтары ашылып және зерттелді (мысалы, Г.Эббингауз заңы). Уақыт өте бұл теория көптеген шешілмейтін проблемаларға кездес- ті, ол проблеманың негізі – адам есінің таңдамалылығын түсіндіру, естің ассоциациялық табиғатының негізінде түсіндіру мүмкін болмады. Дейтұрғанмен, естің ассоциативті теориясының оны тану үшін пайда- сы көп болды. XIX ғасырдың аяқ ке- зінде естің ассоциативтік теориясы- ның орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элемент- тердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы – гештальт болып та- былады. Гештальтизм теориясы ес- тің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт – неміс сөзі, қазақшалағанда бейне, тұтас құры- лым деген мағынада қолданылады). Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы – генетальт ұғымы – тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді. Сонымен, ассоциативтік теорияның заттар мен құбылыстарға қарапайым элементарлық көзқарасына гешталь- тизм ең алдымен элементтер синте- зі, тұтастық қағиданы қарсы ұсын- ды. Гештальтизм теориясының жақ- таушылары адамның практикалық іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы сұраққа жауап бермеді және өз шеші- мін таппады. Сондықтан да естің генезисі туралы мәселе күн тәртібі- нен алынып тасталды. Осы сұраққа психологиялық зерттеулердің басқа да екі бағытының өкілдері жауап бермеді – бихевиоризм және пси- хоталдау. Бихевиоризмді жақтау- шылардың көзқарастары ес пробле- масына ассоциативтік теория өкіл- дерінің көзқарастарына жақын бол- ды. Олардың арасындағы бірден-бір мәнді жалғыз айырмашылық – би- хевиористер материалды еске сақтау- да бекітудің рөлін бағалады, үйрету үрдістеріндегі естің қалай жұмыс іс- тейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді. З.Фрейд және оның жақтаушылары- ның еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағым- сыз эмоциялардың рөлін анықтауға ерекше мән берді. Психоталдау тео- риясының арқасында адамның түрт- кілер саласымен байланысты ұмы- тудың көптеген қызықты психоло- гиялық амалдарын анықтады және суреттеді. Кибернетиканың ғылым ретінде дамуының басталуымен есеп- теу техникасы мен математикалық программалаудың білімнің бұл са- лаларында пайда болуы психология- дан тәуелсіз ес үрдістерін моделдеу басталған болатын, дәлірек айтқанда, еске сақтаудың амалдары, еске сақ- таудың тәсілдері және ақпаратты қай- та жаңғырту электронды-техникалык құрылымның және электронды есеп- теу машиналары үшін бағдарлама- лардың көмегімен іске асырылды. Соңғы онжылдықта осындай зерт- теулердің нәтижесінде бай материал жинақталды, адам өзінің қызмет іс- теу заңдарын түсіну үшін оның пай- дасы орасан зор болды. Өз кезегімен бұл ғылымдар өкілдерінің естің өзін- дік психологиялық зерттеулеріне де- ген қызығушылығы арта түсті, себебі олар үшін алгоритмдер мен маши- налардың есін жетілдіру үшін мүм- кіншіліктер ашып отыр. Осындай өз- ара қызығушылық психологияда соң- ғы жылдары акпараттық-киберне- тикалық деп аталатын естің жаңа теориясының қалыптасуына алып келді. Қазір ол алғашқы адам есін тү- сіну жолында көп үміт күттіретін қа- дамдар жасай бастады.
Адам миы – бұл күрделі электрон- дық-есептеу машинасы. Кеңестік пси- хологияда негізінен есті зерттеуде іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясымен байланысты бағыттар дамыды. Бұл теорияның негізінде ес психологиялық іс-әрекеттің ерекше түрі, адамның теориялық және прак- тикалық әрекетінің жүйесі ретінде әртүрлі ақпаратты еске қалдыруға, еске сақтауға және қайта жаңғырту- ға бағытталған. Іс-әрекет ретінде адамның есін зерттеудің басталуы француз ғалымдарының жұмыста- рымен, оның ішінде П.Жаненің еңбектерінде негізі салынды. Ол ал- ғашқылардың бірі болып, еске сақтау- ға, қайта өңдеуге және материалды сақтауға бағдарланған есті іс-әрекет жүйесі ретінде тұжырымдады. Пси- хологиядағы француздың ғылыми мектебі барлық ес үрдістерінің әлеу- меттік байланыстылығын, оның адам- дардың практикалық іс-әрекетіне тә- уелділігін дәлелдеді. Кезінде біздің елімізде бұл концепция А.С.Выгот- скийдің және оның ең жақын шәкірт- тері А.Н.Леонтьевтің, А.Р.Лурияның негізін салған адамның жоғары пси- хикалық қызметінің пайда болуы мәдени-тарихи теорияның одан әрі дамуында көрініс тапты. А.Р.Луриянің ғылыми жетекшілігімен жүргізіл- ген нейропсихологиялық зерттеулер естің физиологиялық амалдарын сипаттауға мүмкіншілік берді. Есті зерттеуге өзінің белгілі үлесін қос- қан П.И.Зинченко мен А.А.Смир- новты ерекше атауға болады. Олар ырықты және ырықсыз есте қалдырудың практикалық іс-әрекетті ұйым- дастыруға және басқа жағдайларға тәуелді екендігін жан-жақты зерт- теді.
Естің іс-әрекеттік теориясына сәйкес әртүрлі елестетулердің арасында байланыстар – ассоциациялар ұйым- дастыру, сонымен қатар материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту былай түсіндіріледі: адам есте сақтайтын материалмен жұмыс барысында не істейді, сонымен қа- тар мнемикалық үрдістер іс-әрекет- тің тұтас құрылымында қандай орын алатындығына байланысты. Есте қал- дыру амалының ерекшеліктерін ашып көрсететін әртүрлі қызықты дерек- терді А.А.Смирнов өзінің зерттеуле- рінде атап көрсеткен болатынды.