ЕЛІКТЕУ (лат. imitatio – еліктеу) – басқалардың мінез-құлқын өзіне кө- шіру процесі. Е. ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысу. Бұл терминді «мимикрия» терминінен ажырата білу керек. Бұл термин, сон- дай-ақ имитациялық әрекет механи- калық түрде орындалады деп түсін- діріледі. Бұлай сипаттау қате. Мыс., бала анасының әрекетіне немесе топтағы құрбыларымен ойнаудағы өзара әрекет тәсілдеріне тек еліктеп қана қоймайды, мұндағы мінез-құлық өте күрделі, оған механикалық процесс деген түсінік беруге болмай- ды. Еліктеудің мұндай түрі бала оның топтағы әлеуметтік моделін реттейтін негізгі ережелерді білуі керек деп түсіндіреді. Бұл терминді жеңілдету үшін көбінесе «үлгілеу» термині қолданады. Е. үлгі тұтатын объекттің қылықтарын тікелей қайталау нә- тижесінде болатын үйрену түрі.