ЕЛЕСТЕТУ

ЕЛЕСТЕТУ – бұрыннан бар тә- жірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Е. субъекттің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс- әрекет бағдарламасын жасаудан, қа- рекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объекттің бейнелерін жасаудан кө- рінеді. Басқа да психикалық процес- тер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елес- тетудің анализдік синтездік сипаты бар. Естің (жадының) негізгі бета- лысы – бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілер- ді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Е- дің негізгі беталыстары – ес түсінік- терін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағда- йының жасалуын қамтамасыз ету. Е. – болмысты жаңа ұштасулар мен бай- ланыстарда бейнелеу.

Е-дің ең маңызды мәні сонда, ол ең- бек басталғанға дейін оның нәтиже- лерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет проце- сінде адамды бағдарлайды. Е. ар- қылы еңбектің түпкі не аралық өнім- нің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасай- ды. Е. арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Е. белсенді және енжар Е. болып сараланады. Енжар елестету- де пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске ас- пайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар Е. сана қарекеті босаңсыған- да, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың па- тологиялық бұзылуы кезінде бай- қалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Е. процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында ке- містіктер бар екенін көрсетеді. Бел- сенді Е. шығармашылық және жаң- ғыртушылық болуы мүмкін. Шығар- машылық елестетуде қарекеттің бі- регей және бағалы өнімдерінде жү- зеге асатын бейнелер жасалады. Ең- бекте пайда болған Е. – кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бө- лігі. Е. дереу практикалық іс-әрекетте жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек- қалаудағы болашақ бейнелерді жасау- ға, яғни армандауға саятын ерекше бір іштей қарекет нысанында болады. Арман қарекетті түрлендірудің қажет- ті шарты, түпкілікті орындалуы қайсыбір себептермен кейінге қал- дырылған қарекеттің ынталандыру- шы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы елестетудің негізі – сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік Е. сызбаларды зерделеу және т.б. жағдай- да қолданылады. Тұлғаның даму деңгейі көбіне оның құрылымында елестетудің қай түрі басым болуына байланысты. Егер жасөспірім жет- кіншекте нақты әлеуметтік маңызы бар қарекетке жүзеге асатын шығар- машылық Е. құрғақ қиялдардан ба- сым болса, тұлғаның неғұрлым жо- ғары деңгейде дамуын көрсетеді. Баланың елестетуі оның қарекетінің әр алуан түрлерінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалық кезең бо- йынша баланың елестетуі сыртқы ті- ректі (ең алдымен, ойыншықты) ке- рексінетін қарекеттен өз алдына іш- кі қарекетке біртіндеп ауысады да, қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шы- ғару) және бейнелеу (сурет) шығар- машылығын жүзеге асыруға мүмкін- дік береді.

Е. сөйлеуді меңгерумен байланысты. Демек, үлкендермен қарым-қатынас процесінде дамиды. Сөйлесу балалар- ға өз тәжірибесінде ешқашан болма- ған заттарды елестетуіне мүмкіндік береді. Баланың сөйлесуіндегі кінә- раттар, кешеуілдеу елестетуінің да- муына әсер етіп, оны азайтады. Мек- тепке дейінгі жаста елестету қоғам- дық тәжірибені меңгерудің ең ма- ңызды шарттарының бірі болып та- былады. Ересек адамның Е. арқылы айналадағы дүниені игеруіне себеп- теседі. Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріле- ді. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елес- тер қабылдаудың негізінде қалыпта- сып отырады. Оқушы өзі байқап отыр- ған нәрсенің кейін қажет болатынды- ғын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамы- тып отыру олардың оқу әрекетіне дайындалуының негізгі шарты екен- дігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *