ЕБЕДЕЙСІЗДІК – субъекттің өзі белгілеген іс-қимыл бағдарламасын жаңа жағдайларда өзгертуді қиын- сынуы (мүлдем өзгерте алмауға дейін баруы). Е. Когнитивтік, аффектілік және мотивациялық Е. деп сарала- нады. Когнитивтік Е. жағдаят өз- гергенде қабылдаулар мен түсініктер- ді қайта құрудың қиындықтарында байқалады. Аффектілік Е. эмоция- лардың өзгермелі объектілеріне аф- фектілік (эмоциялық) жауаптардың қасаңдығынан білінеді. Мотивация- лық Е. субъекттің икемділікті және мінез-құлық сипатын өзгертуді талап ететін жағдайларда түрткілер жүйе- сін өте сылбыр қайта құрудан көрі- неді. Субъект байқататын Е. деңгейі оның тұлғалық ерекшеліктерінің ор- таның сипатымен өзара әрекеттес- тігінен туындайды; оған алда тұрған міндеттің күрделілік дәрежесі, субъект үшін оның тартымдылығы және т.б. қамтылады.