ДЮРКГЕЙМ ЭМИЛЬ (1858—1917) –фр. социологы және философы; пози- тивист, Конттың ізбасары, Сарбонна университетінде проф. Д-нің пайым- дауынша, социология заңдары қоғам мен жеке адамның психикалық заң- дарынан айырмашылығы бар ерек- ше рухани құбылыс ретінде зертте- луге тиіс; Ғалым әлеум. жағдайлар – адам санасына әсер ететін (құқыққық, моральдық, діни сезімдер, әдет-ғұ- рыптар және т.б.) ұжымдық сана, топтық түсініктер болып табыла- ды дейді. Қоғамдық дамуды Д. үш фактордың әсері арқылы түсіндіреді: халықтың қоныстану тығыздығы, қа- тынас жолдарының дамуы, бір- лескен ұжымдық сана. Кез келген қоғамға әлеуметтік ынтымақтастық тән. Қауымдық қоғам кезінде ын- тымақтастық пен тектестілікке не- гізделген қарапайым сана болды. Қа- зіргі кезде ынтымақтастық қоғам- дық еңбекті бөлісіп таптық сипатқа негізделген «органикалық сипат» алды, дін қоғамдық өмірдің маңызды жағы. Қоғам дін арқылы өзін құдірет- ті етеді. Негізгі еңбектері: «Қоғам- дық еңбектің бөлінісі туралы» (1893);
«Социология әдісі» (1895); «Діни өмір-
дің қарапайым формалары» (1912), т.б.