Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлы

(1802-1871)

Ойшыл, ақын. Аягөз өңірінде туған.1880 жылы«Өсиетнама»деген жинағы Қазанда басылып шыққан. Ақын өлеңдерін ел аузынан жинап, сақтаушы – халық ақыны Шәкір Әбенов. Өлеңдерінде саяси-әлеуметтік тақырыптар терең де жан-жақты көрініс тапқан. Елдік мұраттарды жаны езіле отырып жырға қосқан.

***

Ақылы жоқ адамға өтірік сөзің шын болар.

***

Орнын білмес жаманға есік те болса төрмен тең,

Жақсының жары сұм болса, қазып қойған көрмен тең.

***

Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең.

***

Кей жаманның тілі бар – ащылығы умен тең.

***

Бір үйде өскен балалар бірлік қылса азар ма?!

***

Екі жаман кез болса құтырған иттей таласар.

***

Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді.

***

Жақсылардың ақылы гауһар шырақ шаммен тең,

Жақсының көрген жарығы анық атқан таңмен тең.

***

Баяны жоқ дүниені бір күндік демей не дейміз.

***

Уәдесінде тұрмаса жақсыға өлім сол болар.

***

Сыйласпаған ағайын жатыңменен пара-пар.

***

Парақор болған төрелер -қуаңнан шыққан жұтпен тең, Шежіре қуған адамның көкірегі сызған хатпен тең.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *