ДУЛАТИ МҰХАММЕД ХАЙДАР-(1499-1551) – орта ғасырдағы қазақ ғалымы. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» («Ра- шидтің тарихы») атты шежіресінде сол кездегі көшпелі қазақтардың өз көршілерімен қарым-қатынасы, олар- дың тыныс-тіршілігі суреттеледі. Осы шығарманың қазақ тарихына қатыс- ты тұстарын В.В.Веньяминов-Зернов (1830-1904), сондай-ақ жекелеген үзінділерін қазақтың белгілі тарих- шысы С.Асфендияров (1889-1938) та тәржімалаған. Шежіренің нұсқалары Ленинград пен Душанбе кітапхана- ларында сақтаулы. «Тарихи Рашиди- де» көтерілген басты мәселенің бі- рі – Сейіт хан мен Мұхаммед Хайдар- дың, Қасым ханның ордасында қонақ болған кезінде сұхбаттасқан түрлі та- қырып төңірегіндегі әңгімелері. Мұн- да көшпелі дала тұрғындарының әдет- ғұрып, әлеуметтік-психологиялық, этнографиялық ерекшеліктері сөз болады. Мына төмендегі шағын үзіндіде сол кездегі қазақ халқының этностық ерекшелігі, өзіндік психо- логиясы жақсы көрсетілген: «…Біз – даланың халқымыз, бізде сирек ұшы- расатын, қымбат заттарымыз жоқ, дүние жиһаздарымыз да көп болмай- ды. Ең басты байлығымыз – жылқы, оның еті мен терісі біздің ең тәуір тамағымыз бен киіміміз… жерімізде бау-бақша да, ғимараттар да жоқ, біздің көңіл көтеретін жеріміз – мал- дың жайылымы мен жылқы үйірі, сондықтан біз жылқыға көзіміз той- май қызыға қарап тамашалаймыз… Дала адамдарына жылқысыз өмір – қараң қалған өмір… Біздегі ең кәусар ішімдік жылқының сүті және одан жа- салатын сусын – қымыз… егер де ме- нің өтінішімді орындаудың ең жақсы жоралғысы не деп сұраса, онда Сізді меймандостықпен құрметке бөлеуді айтқан болар едім».
Мұхаммед Хайдар Дулати сол кезде- рі құрыла бастаған Қазақ хандығы- ның күш-қуатын ерен тұлғалардың, аса қабілетті басшылардың қадір- қасиеттеріне қарай таразылайды. Оның ойынша, білікті ел басшысы – мемлекет күштілігінің тұтқасы. Ав- тор осындай ерен тұлға қатарына Қасым ханды жатқызып, «Қасым салған қасқа жол» деген ұлағатты сөздің мән-мағынасын түсіндіреді. Қасым хан билік құрған кезде Қазақ хандығы өзінің саяси-әлеуметтік қуа- тымен бүкіл Еуропа жұртына мәлім болғаны белгілі. Хандықтың тер- риториясы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауынан басталып, оң- түстік-батысы Түркістанға дейін же- тіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың солтүстік бөлігіндегі таулы алқаптар- ды қамтыған. Хандық халқының са- ны бір миллионнан асып, орыс князі Василий III бірінші болып онымен дипломатиялык байланыс орнатқан. Қасым хандық құрған кезде ел басқа- ру ісінде қолданылатын әдет-ғұрып заңдарының ережелері жасалды. Бұл заңда көтерілген мәселелер: 1) жер, мал-мүлікті иемдену мәселесі; 2) ұр- лық, кісі өлтіру, талау, шабу, ойран салған кісілерді жазалау тәртібі; 3) әс- кери заң (қосын жасау, аламандық міндет, ер-азамат құны); 4) елшілік мәселесі (халықаралық қатынастағы әдептілік, сыпайылық, шешендік өнер); 5) жұртшылық заңы (түлен тарту, ас, той, мереке үстінде қол- данысқа түсетін ережелер, жасауыл, тұтқауылдардың міндеті). Қасым салған қасқа жолдың заңдары ешбір өзгеріссіз XVII ғасырға жетіп, Есім ханның (1595-1693) кезінде ол «Есім салған ескі жолға» жалғасты.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел ба- сының психологиясы жайлы айт- қандарына қысқаша талдау жасайық. Орта ғасырда Шығыс Аристотелі атанған Әбу Насыр әл-Фараби ел- басының бойында 18 қасиет болу ке- ректігін айтқан. Осы іспеттес тұжы- рымға 5 ғасырдан кейін Мұхаммед Хайдар Дулати да оралыпты. Оның пікірінше, ел басқару – қыры мен сы- ры мол, ерекше өнер. Басшы – қа- жырлы, салиқалы, терең ақыл-пара- сатты, зерек те зерделі, әрдайым ел тыныштығын, халық қамын ойлай- тын ерен тұлға. Басшының сарқыл- мас ерік-жігері, нәтижелі іс-әрекеті оның ақыл-ой парасатымен ерекше ұштасады. Оның бес аспаптылығы, адам жанын жазбай танитын абзал қасиеті ылғи да көзге түсіп, жұрт кө- ңілінен шығып тұрады. Басшы адам өзге көрмегенді көре алады. Онда өзін елге беделді ететін небір тамаша қадір-қасиет мол. Ол өзінің жайсаң мінезділігімен, батылдығымен ерек- шеленеді, бүкіл өмірін халық тағды- рына бағыштап, осы мақсатына же- ту жолында бұлтартпайтын шешім қабылдап отырады. Осындай қасиет- тері бар адамның іс-әрекеті қылыш пен садақтың оғынан әлдеқайда асып түседі.
Тіршіліктің сан қилы талабынан туын- дайтын өзекті мәселелерге ерекше мән беріп, ол жөнінде жұртпен кеңе- сіп, олардың көзқарасын ой таразы- сына салып, керектісін алып, келең- сізінің ауаға жайылып кетпеуін, қы- ңыр, қырсық адамдардың пікірінен ел ішінде алауыздық пен араздық туатындығын алдын ала топшылап, бұларға жол бермеуді қарастырады. Мұхаммед Хайдар Дулати ел бас- шысына тән осындай қадір-қасиет- терді дәріптеп, бұларды келер ұрпақ- қа аманат етуді ойластырған сияқ- ты. Ғалымның пікірінше, ел басшы- сы өзінің бар күш-қуатын өз халқы- ның мүддесі үшін жұмсауы тиіс. Оның жаны ізгілікке толы болуы шарт. Көздейтіні – байлық емес, жарқын болашақтың асқаралы шы- ңына ұмтылу.
Мұхаммед Хайдар Дулати пікірінше, жарқын болашақтан үмітін үзбеген ел басшысын көпшілік әр кез қол- дайды, соңынан ереді. Жұрттың кө- ңілінен шыққан басшы ғана елді дұ- рыс басқара алады.
Елді басқарудың ең негізгі мәні – ха- лық сеніміне шүбәсіз ие болу, өзіне әділдік пен ізгілікті, қайырымдылық- ты серік ету. Ол болашақты, жақсы заманды қиялдаушы ғана емес, сол үшін бар өмірін сарп етіп, соған же- ту үшін маңдай терін төгетін адам. Тегінде, мейірімді жүзінен нұр шаш- қан елбасы елге – құт, ал жаман бас- шы – жұт. Ерен басшы текті келеді, ол – көпті көрген, ез бен ерді бір- ден ажырататын, жұрттың бос қол- паштауын қажет етпейтін адам. Мұн- дай тұлғалар туралыққа, әділдікке, адалдыққа, шындыққа ерекше мән береді. Бұлардың басты кредосы – дін мен сенім. «Дін мен сенімді ме- дет тұтқан адам ғана ұлағаттық атты иеленеді». Дін мен сенім – биліктің қос бабы. Ол – тұлғаның ары мен намысы, ел алдындағы парызы мен қарызы.
Дін мен сенім жүрген жерде тірліктің түбірі мықты болады. Дулатидің дін туралы, әсіресе дін психологиясы жайлы көзқарастары арнайы зерт- теуді қажет етеді. Ғұламаның бұл бағыттағы ізденістеріне зер салсақ, одан біраз мағлұматтарды аңғаруға болады. Бұл туралы белгілі ғалым М.Мырзахметұлы: «Сол кездегі ис- лам дінінің Орта Азиядағы жағда- йы, қоғамдағы саяси-әлеуметтік кү- рестегі орны, түрік халықтары ара- сында кеңінен таралған Нақышбан- диа, Насауия, Уванш ордендері мен теріс жолға түскен «Нурбахши», «Ша- масин» секталары туралы, яғни жал- пы суфизм жайлы терең ойлар қоз- ғап, көп нәрселерден хабардар ете- ді», – дейді. Мұхаммед Хайдар діни қызметкер болмаса да, сол кезеңдегі қоғамның рухани болмысын терең сезініп, ислам діні мен сопылық ағым- ның табиғатынан, дін жолындағы ғалымдардың жазғандарынан хабар- дар болғаны байқалады. Сол себепті ғұлама шығармасындағы ислам діні мен сопылық жайлы ой-танымын, ірі шейхтер мен маулана атанған діни ғалымдар жайлы пікірлерін ғылы- ми тұрғыдан танып білудің айрықша мәні бар деп білеміз.
Дулати негізінен сопылық жолдағы шейхтер мен ғалымдарға біраз тоқ- талып, олар жайлы деректерді жиі келтіреді. Ғұлама шығармасы арқы- лы шейх, имам, мауланалар (молда- лар) өмірі, олардың ұстанған діни ағымдары жайлы біраз мағлұмат алу- ға болады. Дулатидің еңбегінде кө- бінесе сөз болатын ғұламалар: Аб- драхман Жами, Әлішер Науаи, Сайфи, Хафиз Али, т.б. Шығармада Абай көп айтатын ғұлама – Диуани тура- лы біраз мағлұмат беріледі. Мұхаммед Қазидің «Сисилет ал-арифин» (Генеология познавших истин») деп аталатын еңбегі кезінде сопылардың қажетті құралына айналған. Дулати Мұхаммед Қазиға сопылық жайын- да сұрақ бергенін, оның қайтарған жауабын өз рисаласында баяндап кеткен. Мұхаммед Хайдар Дулати өз пікірлерінде Мұхаммед Қазидің мем- лекетті басқарудың он түрлі шарты мен он жеті түрлі ауыр күнә болаты- ны туралы ойын талдаған. Бұдан оның дін мәселесінің кейбір пікірта- лас жақтарын көпшілікке түсіндіру- ге тырысқаны байқалады.
Сонымен бірге дала ойшылының шеиттер мен сунниттер арасындағы қайшылыққа көңіл бөлуі де оның дін мәселесіне терең зейін қойғанын байқатады. Мысалы, «Тарих-и-Ра- шидидегі» мына бір оқиғаның си- патталуы көңіл аудартады. Исмаил шахтың ғұлама Шаих әл-Исламды шейттердің құрамына кірмегені үшін азаптап өлтіруін Дулати айтқан діни танымдағы қарама-қарсылықтың кө- рінісі ретінде қарастыруға болады. Мұхаммед Хайдар Дулати Моғол- стандағы шеиттер, сунниттердің ді- ни өмірі мен сопылық ағымның іс- әрекетін көрсетумен бірге Тибет пен Кашмирдегі діни қозғалыстардан да мәлімет беріп отырады. Кашмир жеріне Ирак елінен келген Шамс ат- ты ғұламаның діни қағидаларына кө- ңіл бөліп, мұның суннит пен шеит ді- ни ағымынан бөлек екенін көрсетеді. Ғұлама ғалым ел басшысына қажетті қасиеттерді былайша тұжырымдайды: біріншіден, өзің ойлап тапқан істі аяқсыз қалдырмау; екіншіден, анды- ған арсыздарға өзіңді алдырмау. Бұл кісіден үлкен қажыр-қайратты, асқан құдіреттілікті қажет етеді, үшіншіден, ел басшысы өзінің жарлығы мен бұйрығының орындалуын қадағалау- ға ерекше мән беруі керек.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің пікірін- ше, қоғамдағы аурудың негізгі көзі адамның күнәһарлығына келіп тіре- леді. Күнәһарлық үйде де, түзде де, қоғамда да өте бір келеңсіз, сұрқия қасиет. «Күнәһар адамдарға кімдер жатады?» деген сауалға ғұламаның берген жауабы тайға таңба басқан- дай. Біріншіден, бұлар ата-тегі, шыққан діні мен ділінен бейхабар адамдар; екіншіден, ар-намысын жо- ғалтып, әділеттік үшін күресте бас сауғалап, бұғып қалғандар; үшінші- ден, адамдардың тыныс-тіршілігіне немқұрайдылықпен қарап, жетім-же- сірлерді желеп-жебемейтіндер; төр- тіншіден, көзжұмбайлыққа салынып, халық байлығын ысырап етіп, талан- таражға салатындар; бесіншіден, ата- анасының бетінен алып, олардың ақыл-кеңесін тыңдамайтындар.
Бүкіл Шығыс еліне аты мәлім араб ғалымы Әбу-Талип Макки 17 күнәнің түрі барын айтқан. Мұхаммед Хай- дар Дулати осы мәселені қайтадан көтеріп, бұларды кеңінен талдауға алған. Ғұлама күнәнің 17 түріне си- паттама береді. Мәселен, күнәһар- лықтың төртеуі жүрек қызметіне байланысты туындайды дей келіп, оған көп құдайға табынушылықты да жатқызады. Мұсылман адам тек бір құдайға табынып, кұдай бір, пайғамбар ақ-хақ деп танығаны абзал. Өсек-өтірікті судай ағызу, суайттық- қа салыну, жалған ант беру, жазық- сыз адамға құр бекер айып тағу, дуа- лықпен шұғылдану да күнәһарлыққа жатады. Қолмен істелетін күнә екеу. Бұлар – ұрлықпен айналысу, біреудің қанын жазықсыз төгу. Күнәһарлық- тың келесі бір түрі -зинақорлық, яғ- ни ойнасқорлыққа салыну.
Күнәнің үлкен түрі жетім-жесірлер- дің мал-мүлкін иемденіп кету, сон- дай-ақ қолдағы барды ысырап етіп, орынсыз шашып-төгу. Соғыс дала- сынан қашқан қорқақтар да күнәһар болып табылады. Пайғамбар хадис- терінде «соғыста шейіт болған адам бар күнәсынан арылады» делінген. Күнәнің енді бір түрі – ата-ананы тыңдамау, олардың тілін алмай зар қаққызу. Тәнін таза ұстамайтындар да, өздігінен тәртіпке бой ұсынбайтын- дар да күнәһарлар болып табылады. Әлеуметтік психология тұрғысынан Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел бас- шысына қоятын 10 шарты да ерек- ше көңіл аударарлық. Бұлар: өзін басқа біреудің көзқарасы тұрғысы- нан байқау, мұсылманшылықты ерек- ше қадір тұту, сән-салтанатты қумау, қарапайым адамның өмір салтын ұстану, халыққа қатаң болып зәбір көрсетпеу, өзіне деген халық наза- рын қоздырмау, елді қауіп-қатерге орынсыз ұшыратпау, діндар адам- дармен ақылдасу, дандайсушылық пен жемқорлыққа салынып, халықты өзінен үркітіп алмау, әскер басшы- лары мен уәзірлердің рахымсыздық қасиеттеріне жол бермеу, ылғи да келелі істің түбірі мен түйінін тауып, көрегендік көрсету.
Екінші, үшінші шарттар дін өкілдері- нің пікірлеріне құлақ түру, дүние- мүлікті ағыл-тегіл ысырапқа ұшы- ратпау, сән-салтанат қумау, қарапайым адамның тұрмыс-салтын ұстануға келіп тірелсе, төртінші шарт халыққа орынсыз қатаң болып, кез келгеннің сөзіне ермеу, кедей-кепшікпен пікілесуден арланбау, жеңілтектікке са- лынбау сияқты этикалық мәселелер- ді алға тартады.
Бесінші шартта Дулати «елбасы жар- лық шығарарда әділдік пен ақиқатты аттап, шариғатқа сыйыспайтын мә- селені көтермеуі қажет», – дейді. Осы жерде айта кететін бір жайт, Дағыстан мен Шешен жұртында күрделі мәсе- лелерді шешуде шариғатқа жүгіну орын ала бастады. Бірақ Қазақстан секілді әртүрлі дін ағымдары бар елде мұндай саясатты ұстау қиын. Мұсылман елінің басшылары жұрт- тың бәріне бірдей жаға бермейді. Сон- да да болса Аллаға тіл тигізбей, оны ылғи ауызға алып отырулары қажет. Бесінші, алтыншы шарттарда елба- сының халыққа қадірлі, құрметті бо- луы оның елді қатерге ұшырататын нәрселерді үнемі таразыға салып, осыған орай ішкі, сыртқы саясатты дұрыс жүргізе білуіне байланысты екені айтылады. Осы мәселенің ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фарабидің
«Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Мемлекеттік қайраткер- дің афоризмдері» деген еңбектерін- де де ерекше сөз болғаны белгілі. Мұхаммед Хайдар Дулатидің басшы біткенге қоятын жетінші шарты – беделді кісілерді тауып, олардың ақыл-кеңестерін тыңдауды әдетке айналдыру.
Сегізінші шарт бойынша елбасы ба- рынша қайырымды, әділетті болып, жарлы-жақыбай, кедей-кепшіктер- ге жанашырлық көрсетсе, жұрт ара- сындағы қадір-қасиеті артады.
Тоғызыншы, оныншы шарттарда Дулати елбасының мәселенің түбірі мен түйінін таба білу, бұларды ту- дырған себептерді дұрыс талдай алу, болашақты болжау қасиеттерін меңзей келіп, карапайым адамдар- ды жамандықтан, жеңілтектіктен, жалақорлықтан, суайттықтан, т.б. ке- леңсіз қасиеттерден сақтандырады. Ол «тек жеке бастың пайдасын ой- лау, сайып келгенде, адамды жаман- дық пен бақытсыздыққа душар ете- ді», – дейді. Ел ішінде жақсы адам- дармен қатар жауыздар мен қаскөй- лердің кездесетінін еске салады. Яғ- ни үнемі қатар жүретін жақсылық пен жауыздықтың шайқасында түп- тің түбінде әділдіктің жеңетініне кү- мән келтірмейді.
Мұхаммед Хайдар Дулати жақсы өнеге қоғамдағы адамдардың бір-бі- рімен қарым-қатынасы арқылы олар- да жақсы адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына жәрдемдесетінін, діни талапқа негізделе жүргізілген тәлім- тәрбиелік шаралар ғана адамдарды имандылыққа алып келетінін айта- ды. Оның ойынша, адам өзі басқа- рып отырған елдің әдет-ғұрпын, салт- сана, жөн-жоралғасын сақтай білме- се, бұл оны қолайсыздыққа душар етеді; ал ел арасындағы достық, жол- дастық, іскерлік, бауырмалдық, туыс- қандық қасиеттердің болуы адамдар- ды ынтымақ пен бірлікке, бірлесіп өмір сүруге, ылғи да бейбітшілік сая- сатты ұстануға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған шарттардың бә- рі де кезінде Мұхаммед Хайдар Ду- латидің өз басында болғаны даусыз. Оның ел ішінде талас-тартысты, дау- дамайды болдырмағаны, мәселені көз жұмбайлыққа салып асығыс ше- шуден бойын аулақ ұстағаны байқа- лады. Дулатидің ел басқарудағы тап- қырлығы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, шариғатты қастерлеуіне байланысты екендігі хақ. Адам жанының нәзік білгірі Мұхам- мед Хайдар Дулати тұлға қасиеттері туралы да сындарлы пікірлер айтып кеткен. Адамның психологиялық ерекшеліктері, нақты ілім-білімнің сан саласына орай айтқан келелі тұ- жырымдары тыңдаушысын өзіне бау- рап алары сөзсіз. Ол сондай-ақ, қа- зақтың ұлттық психологиялық атау- ларын жасауға да көңіл бөлген. Мә- селен, аталған еңбектерде «Қылық»,
«Аңсар», «Таза ой», «Оңтай», «Қиял»,
«Шыдамдылық», «Ұшқыр сөз»,
«Амал» т.б. психологиялық мәнді тер- миндер кездеседі. Олардың кейбірі осы кезге дейін қазақ психология- сында қолданылады.