ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (1490-1523) –ежелгі қазақ әдебиетінің көрнекті өкі- лі, жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүр- ді. Өз заманындағы жорықтарға, Қы- рым, Ноғайлы, Қазан хандықтары ара- сындағы ұрыстарға қатысқан, бүкіл Дешті-Қыпшақты жақсы білген, Стам- бул мен Бақшасарайда да болған. Д.ж. мұрасының дені жоғалған, ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған туындылары 19 ғ. бас ке- зінде әртүрлі жинақтарға енді. Сов. тұсында «Алдаспан» антологиясын- да (1971) оның табылған шығарма- лары толық жарияланды. Д.ж. жыр- ларынан оның ой-өрісі, мұрат-мақса- ты, рухани өмірі, ғибраттық қағида- лары, дүниеге философиялық көз- қарасы айқын аңғарылады. Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілі- гіне, көркемдеу әдістерінің көнелі- гіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілге орамды. Бұхар, Махамбет жырларынан Д.ж. түркітайпалары- ның арасындағы көп қақтығыстар- дың бірінде, 1523 ж. Астрахань ма- ңында қаза тапты.