ДИСТИНКЦИЯ

ДИСТИНКЦИЯ (лат. distinctio – айыру) – заттар арасындағы немесе сананың өз элементтері (түйсіктер, ұғымдар, т.б.) арасындағы объектив- ті айырмашылықтарды бейнелейтін сана актісі. Ұғымның анықтамасын алмастыратын тәсіл ретінде де Д. қолданылады (мыс., сутегінің отте- гінен айырмашылығы мынада: оның өзі жанады, бірақ жануды қолда- майды). Д. термині орта ғасырларда пайда болды. Схоластар бұнымен объективті айырмашылықты да, нақ- ты мәнді, себепті (Д.т.б.) ой айырма- шылығын да (Ақыл Д-сы, субъективті, формалды, т.б.) көрсетті. Д. терми- ні қазіргі уақытта да қолданылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *