ДИДАКТОГЕНИЯ

ДИДАКТОГЕНИЯ (грек. didakti- kos – үйретуші, ұқтырушы және ge- nes – пайда болған) – тәрбиеші (пе- дагог, жаттықтырушы, басшы және т.б.) тарапынан педагогикалық әдеп- тің бұзылуы салдарынан оқушының жағымсыз психологиялық жай-күйі (көңіл күйінің нашарлауы, қорқы- ныш, түңілу). Фрустрациядан, қорқы- ныштан, тұнжыраңқы көңіл күйден және т.б. көрінеді. Оқушының іс- әрекеті мен жеке тұлғалар арасын- дағы қарым-қатынасқа теріс әсер етеді. Д. невроздарға себепші болуы мүмкін. Дидактогенияның пайда бо- лу негізіне оқушының педагогтің кі- нәсінен алған психикалық зақымы жатады. Бұдан Д. мен балалардағы невроз нышандарының ұқсас екені көрінеді. Дидактегонияның неврозға айналып кету жағдайы жиі кездеседі. Мұндай да баланы психотерапия әдістерімен арнайы емдеу қажет бо- лады. Кейбір педагогтар оқушыны көпшілік алдында кемшілігін айтып жазалауды дұрыс деп санайды. Ұстаздық қарым-қатынастың мұн- дай түрі мектеп психогигиенасы тұр- ғысынан өте зиянды болып есеп- теледі. Өйткені оқушының оқу іс- әрекетінде жақсы жетістіктерге же- туіне әсер етпейді. Осыдан ұстаз бе- делі төмендейді; оның әділетті еке- ніне оқушының сенімі жоғалады; баланың эмоциялық тепе-теңдігі үшін қажет психологиялық қорғаныш сезі- мі нашарлайды. Д. пайда болмау үшін әрбір ұстаз қарым-қатынаста барынша әдепті болуға ұтылып, тәрбие ба- рысында оқушылардың жас ерек- шеліктері мен жеке психологиялық қасиеттерін ескеріп отыруы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *