ДЕКАРТ РЕНЕ (1596-1650) – жан мәселесін эмпириялық тұрғыдан зерттеуге ерекше үлес қосқан фран- цуз ғалымы. Оның айтуынша, әр адам үшін нақты, әрі сенімді, оның өз ойының болуы («Мен ойланамын, яғни өмір тіршілігіндемін» деген қа- ғида) ұсынған. Д. рационализм және интроспекциялық психологияның негізін қалаушысы, физиологияда рефлекстік актінің алғашқы сипат- тамасын берген ғұлама. Ол дүниені екі субстанциядан – материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Негізгі еңбектері: «Метод туралы ойлар» (1637), «Рухтың құл- шыныстары», т.б.