ДАРЫНДЫЛЫҚ

 

ДАРЫНДЫЛЫҚ. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында бол- ғанда-ақ пайда болады. Мәселен, ба- ланың ата-анасы мен туысқындары- на ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кей- бір анализаторлардың ерекшелікте- рі де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді.

Нышанның соңғы түрі дарындылық секілді сатыда болады. Мәселен, ба- ланың есту анализаторларының же- тіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру анали- заторының өзгешелігі сурет салу қа- білетінің көрінуіне септігін тигізеді. Бірақ нышан қабілеттің дамуына бірден-бір шарт бола алмайды. Ол – адамның ішкі мүмкіндігінің көрсет- кіші. Егер адамның туысынан ны- шаны болса да, дұрыс тәрбие көрме- се, яғни белгілі әрекетпен айналыпаса, оның қабілеті айтарлықтай да- мымайды.

Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәй- кес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақ- тылығына қарай түрлі қабілет қалып- тасады. Нышанның ықпалымен қа- лыптасқан қабілеттің түрін дарын- дылық деп атайды. Адамның дарын- дылығы оның жоғары жүйке қыз- метінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, бе- рік орнығуы, жүйке үрдістерінің қо- зғалғыштығы динамикалық стерео- типтердің шапшаң жасалып, оңай өзгеруі т.б.) байланысты болып ке- леді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күн- гі өмірімізде болсын мұндай мысал- дар өте көп. Осыдан 200 жылдай бұрын Германияда «Ұстазы Кристи- ан фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әре- кеті, саяхаты мен өлімі» деген кітап жарық көрді.

Аса дарынды бала жөніндегі алғаш-

қы кітап осы болатын. Туылғанына он ай толмай жатып кішкентай Гей- нрих «суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын» болған. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалы- мен есеп шығара алады. Көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, «геогра- фиядан жақсы мағлұмат алады» және мыңнан астам латын мәтелін біледі. Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған.Дарынды адамдардың қабілеті әдет- те ерте ашылатынын зерттеу жұмыс- тары байқатып жүр. Дарынды бала- лар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. 5-6 жаста ондай бала- лар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық білетін болады. Кейде дарынды балалардың мектеп- тегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В. Скотт, Ч. Дарвин бала күндерінде түк білмейтіндердің қатарында саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын өлең жазып, сурет салып, көбелек ұс- тап, коллекция жинауға, немесе химия- лық тәжірибе жасауға сарп етеді. Мұндай дарынды адамдардың бала- лық шақтары туралы көптеген шығар- малар әлі де сақтаулы. Айталық, Дю- рер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жа- зып үлгірген. Лист, Шопен мен Ие- гуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан.

Тоғыз жасар Гете неміс, латын, грек тілдерінде өлең жазатын болған. «Қа- зіргі математиканың негізін салушы» Гаусс үш жарым жасында әкесінің салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты, сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есеп- тер мен сандар теориясы жөніндегі өзінің дарынын ерте танытқанға ұқ- сайды. Гаусс өзінің ең басты жаңа- лықтарын негізінен 14 пен 17 жас- тың арасында ашыпты.

«Кибернетиканың атасы» Норберт Винер бес жасынан бастап ғылымға ден қояды да тоғыз жасында 18 жа- сар балалармен бірге оқиды. 12 жа- сында колледжге түсіп оқып, 14 жа- сында оған ғылыми атақ беріледі. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан Уәлиханов та аз ғана ғұмырының ішінде адамзаттық ғылымға, оның көптеген саласында (әдебиет, тіл, эт- нография, география, шығыс тану т.б.) баға жетпес көп үлес қосты. Ол му- зыка, сурет саласында да, публицис- тика мен жазушылық өнерде де өзін жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан жөнінде С. Мұқанов былай деп жаза- ды: «Аз өмірі осынша тығыз, зұлым- дықпен арпалыса жүріп атқарып үлгерген еңбегінде қисап жоқ:… Шо- қанды… 27 жасында өлген Лермон- товтың, 24 жасында өлген Добро- любовтың қатарында деп түсінеміз. Шоқан да солар сияқты: шын ма- ғынасындағы талант, шын мағына- сындағы данышпан».

Алты жасар Таня Федина, музыкаға мейлінше дарынды болды. Ол фор- тепьянада көптеген композиторлар- дың, сондай-ақ өз шығармаларын та- маша орындаған. Оның фортепьяна үшін жазған пьесалары, космонавтар туралы әндері бар. Таня отыздан аса ән және осындай аспаптық шығарма- лар (вальстер, прелюдиялар, фанта- зиялар т.б.) жазған. Мәселен, оның космонавтарға арнаған «Титов мар- шы», «Терешковаға», «Космонавтарға хат» деген шығармалары бар. Ол Москва консерваториясы жанында- ғы орталық музыка мектебінде оқып жүргенде бір актілі опера жазған.

Дарынды адамдарды ғылым саласы- нан да көптеп кездестіреміз. Мәсе- лен, қазіргі атақты совет математигі С. Мергелян 16 жасында университет- тің бірден екінші курсына қабыл- данғаны белгілі. Ол жиырма жасын- да ғылым докторы дәрежесін алды. Академик Л. Ландау орта мектепті 13 жасында үздік бітіріп, он төрт жа- сында университеттің екінші курсы- на түседі. Мұндай мысалдарды көп- теп келтіре беруге болады.

Д. – адамның сәби кезінен байқала- тын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Қабілеті жан-жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. – туа бітетін ерекше қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ келеді. Олар қиын жұмысты жан- тәнімен беріліп істейді. Д. атадан ба- лаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. балаға білім бе- руде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалып- тастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ын- та-ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұшта- суын ақыл-ой қабілетінен байқауға болады. Д. белгілі бір іс-әрекетке же- тістікке жету шарттары. Д. ғылыми психологияда көбінесе ақыл-ой қа- білеттілігінің және ақыл-ой потен- циалының жүйесі ретінде түсініледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *