ДАНЫШПАНДЫҚ – адамның ақыл- ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және ар- наулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет саласында қол жеткізуі. Д. – бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өл- шеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адам- ға тән психологиялық қасиет. Ақыл- ойдың, білімнің молдығы, кең өріс- тілігі, бүгінгі ақыл-ой жеткен өреге сүйене отырып, келешекті болжау, ой қорытып, түйін жасау, ғылымның ке- лер көкжиегінің жетер жерін анықтау- ға арналған ой-тұжырымы бар пара- сатты адамдарды данышпан адам деп атайды.
Аристотель, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Шоқан Уәлиханов, Абай сияқты әмбебап данышпан ғұламалар аз емес. Ақыл-ойы, білімі мол, білгір адамның бәрі бірдей данышпан бола бермейді. Психологияда Д. деп өте сирек кездесетін қабілеттердің ең жоғарғы дамыған түрін атайды. Д. адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Д. қасиет адамның жалпы және арнау- лы қабілеттерінің жинақталып ерек- ше нәтижелерге қол жеткізуі.
Д. – өмірдің шындығын, яғни оның себебі мен салдарының үйлесімділі- гін тану. Адамның нақты жағдайын, орны мен рөлін анықтап, оны сала- уатты өмір сүруге жеткізетін іскер- лікті, білімпаздықты және жақсы- лықты дәлірек түсіну; ақиқат пен әділеттікті адамның мұрат-мүддесі- не қолдануды бетке ұстау, адам қыз- метін сын көзінен, қажет биігінен өткізу арқылы оның ой-сезіміне, әре- кетке деген іштей дайындығына, адам- гершілік мұратына лайықты мағы- на табу; ыстық қайратты, нұрлы ақыл- ды, ыстық жүректі бойда сақтау, қа- телеспей сөйлеу және керектіні ғана істеу – адамгершілік пен имандылық- тың таласы; осы мінез-қабілеттерге жеткізетін әр-түрлі жағдайды байып- пен айналдыру, яғни даралық тұ- тастығын сақтау. Д. – өмірді, бола- шақты ойлай біліп, ақылдылықпен айтылған сөз; аса білгірлікпен жасал- ған іс-әрекет, көрегендік пен көсем- діктің көрінісі.