ДАМУ ФАКТОРЛАРЫ – баланың психикалық және қылықтық да- муын анықтайтын факторлар жүйесі. Даму факторы тәрбиелеу, оқыту, тәрбиешілер мен оқытушылардың пе- дагогикалық дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін және баланың психологиялық дамуына әсер ететін басқа да жағдайларды қарас- тырады. Даму шарты – адамның да- муына ықпал ететін факторлар (оның айналасындағы бала кезінен қорша- ған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар, материалдық жә- не рухтық, мәдени заттар мен құбы- лыстар және т.с.с.). Дамудың эво- люциялық теориясы – баланың пси- хикалық және қылықтық дамуында- ғы үрдістердің барлығы генотиппен анықталады және ұрықта болмаған нәрсенің ешқайсысы даму кезінде көрініс бермейді деп түсіндіретін те- ория. Сензитивтік кезең – адамдағы психологиялық қасиеттер мен қылық түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай тудыратын адам өмірінің кезеңі.