Ақтамберді Сарыұлы
(1675-1768)
Қаратау маңында туған. Жастайынан батырлығымен танылған жырау.Жоңғарға қарсы күрес қаһармандарының бірі. Семейдің Абай ауданындағы Жүрек-жота деген төбе басына жерленген.
***
Жауыңды аяма, жылағанды уат, жығылғанды тұрғыз.
***
Әділдікке жан құрбан.
***
Әкесі сорлы қор болар.
***
Арудан асқан жар бар ма, Жылқыдан асқан мал бар ма
Қымыздан асқан дәм бар ма!
***
Балпаң да балпаң кім баспас – басарға балтыр шыдамас, Батырмын деп кімшаппас – шабарға жүрек шыдамас.
***
Мал басы өскен адамның алды – арты буболар, Көкірегі өскен адамның жүрген жері шу болар. ***
Кәрі ақсайды ақылдан, ер ақсайды жақыннан.
***
Татулық деген береке. Талапты ерге нұр жауар.
***
Құдық қазсаң көзден қаз – көл суалса суалмас, Білімдіге бағынса – халық жүдеп – қуармас.
***
Ата менен анасын күткен жанға Мекке мен Мәдина – үйдің іші.
***
Бұлаңдап жүрген жігіттің көкейін бірде жоқ тесер.
***
Жеңіме жамау түскенін, кедейлік, сенен көремін,
Жағама қолдың тигенін, жалғыздық, сенен көремін.
***
Сары аязда қатпайды қайнардың аққан тұнығы, Қап түбінде жатпайды болаттың асыл сынығы, Халқы тозып кем болмас, әділ болса ұлығы.
***
Мінезді болса алғаның – күнде сонар қызбен тең, Жаман болса алғаның – астыңнан өткен сызбен тең.
***
Қайырлы болса бай адам – дария шалқар көлмен тең, Қайырсыз болса жаман бай – ел қонбаған шөлмен тең.
***
Бақыт қонған басына – басқалармен тең өсер, Бақыт қонбаған басына – жақсылардан кем өсер.