Абыл Өтембетұлы
(1777-1864)
Ақын-жыршы, Маңғыстаудан. Атақты«Ноғайлының қырық батыры» дастанын жырлаған. Абыл қарақалпақтар мен түркімендерге детанымал ақын болған.
***
Ер жолынан адасса, тең құрбының ішінде қасқая күліп жүре алмас.
*** Жігіттік – өнер.
***
Жаман қашар жау көрсе.
***
Жалқаулықтан кісі өлмейді, Кісі өлмегенмен, ісі өнбейді.
***
Жаманның жетегіне ерме.
***
Айдын да айдын, айдын көл – асарлап төксең суалмас, Қабырғасы қатқан кәрі боз – қажыған күні су алмас.
***
Жаман жолдас – кісенің.
***
Нар жолында жүк қалмас.
***
Сұңқардан қыран құс болмас, соқтасы қайтпай аң алмас.
***
Қаймығу білмес қайран ер – ажалға өзі барып соғылар.
*** Дүниеде дерттікісі ойнап-күлмес,
Ел білер қадіріңді, сұлтан білмес.
***
Жетпейді соңғы жолдас әуелгіге.
***
Толған ел – толықсыған көл.
***
Хан тілін халқыалғанмен, әйелі алмас.