Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
Қазақ халқының ұлы ақыны, композитор, ойшыл.
***
Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
***
Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
***
Әкесінің баласы- адамның дұшпаны, адамның баласы- бауырың.
***
Пайда ойлама, ар ойла.
***
Надандық – ғылым- білімнің жоқтығы.
***
Шәкіртсіз ғалым- тұл.
***
Адам баласын бауырым деу- жүрек сөзі.
***
Әкесі ұрысса балаға о да- достық, Баласы ұрысса әкеге жараса ма?
***
Досыңа достық- қарыз іс.
***
Дұшпаныңа да әділ бол!
***
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
***
Жаман дос- көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
***
Жолдастық, сұхбаттастық- бір ұлкен іс.
***
Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз.
***
Кімде- кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.
***
Қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек- олар дұшпандық шақырады.
***
Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа.
***
Адал еңбекпен мал іздемек- ол арлы адамның ісі.
***
Надан арам ақылды құлаққа ілмек.
Нысап, ұят- бұл ғаделеттен шығады.
***
Еңбексіз мал дәметпек- қайыршылық.
***
Еріншектік –күллі дүниенің дұшпаны.
***
Тұрлаусыз ғашық- тұл.
***
Ақылсыз- шынға сенбей, жоққа сенбек.
***
Асығыс түбі- өкініш.
***
Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса, айына бір өзіңнен- өзің есеп ал.
***
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
Кімде-кім үйреніп жетпей жатып үйренгенін қойса, оны Құдай ұрады.
***
Уайымсыз салғырттық- дәулеттің, ақылдың, ардың дұшпаны.
*** Адамға ғылым- білімді көбейтуге екі қару керек: бірі –пікірлестік, екіншісі- берік сақтау.
***
Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, асса- жарамайды… екінші- ішпек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жинамақ, мансап іздемек, айлалы болмақ,алданбастық- бұл нәрселердің бәрінің өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.
***
Залымдық- адам баласының дұшпаны.
***
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.
***
Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан өнерші- қазақтың әулиесі.
***
Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық.
***
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.
***
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
***
Үш-ақ нәрсе- адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
***
Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады.
***
…ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпенбілмек үшін үйренбек керек. Бақасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залалды емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі- әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшінғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас күншілдікті зорайтады…
***
Үлкендік- адам ішінен өзін- өзі бағалы есеп қылмақ.
***
Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.
***
Мастық бойдан ағаттық көп шығарып, ақылдың көзін байлайды.
***
Өзі өзгеше боламын демектің түбі- мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдікті бітіреді де, күншілдік күншілдікті қозғайды.
***
Көкіректе сәулесі жоқтың көңілде сенімі жоқ.
***
Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың.
***
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда көңілдің уанғаны да болады, өшкені де болады.