Қорқыт

VIII ғ.

 

Ұлы ойшыл, күйші, ақын. Оғыз тайпасынан шыққан, қыпшақтың жиені. Қорқытқа байланыстыәпсаналар мен жырлар жинақталған «Қорқыт ата кітабы» (XI) деген еңбектің ең көне екі қолжазбасыДрезден және Ватикан кітапханаларында сақталған.

 

***

Көп қорқытады, терең батырады.

***

Бас аман болса, бөрік табылады.

***

Дүние –мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.

***

Тәкаппарлықты тәңір сүймес.

***

Ананың хақы – Құдайдыңхақы.

***

Ауырған жерін ауру біледі.

***

Ұлдың күні күн емес, атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес, баста ақыл болмаса.

***

Ат арытпай жол бітпейді.

***

Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, Ұлатадан үйренбей сапар шекпес.

***

Ұл ақылды хош көрмес, ата үлгісін алмаса,

Қыз жарылқап ас бермес, ана үлгісін көрмесе.

***

Ұл – атаның сыры, екі көзінің нұры.

***

Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көштідекетті.

***

Ауыр жүктің михнатын тұғыр емес, тұлпар білер.

***

Ердің батқанын ат білер.

***

Іннің аузын түлкі білер.

***

Сүрлеу сырын түйе білер.

***

Жайылымның жақсысын жылқы менен құланбілер.

***

Шыққан жан қайтып енбейді, Өлгендер қайтып келмейді.

***

Ажал жетпей өлмек жоқ.

***

Алыс жолды көзбен көр, көкейге түй.

***

Ат шабады, ер шаттанады.

***

Қанша қалың жауғанмен,

Қар көктемде қалмайды, Гүл жайнаған шалғында Қаракүзге қалмайды.

 

***

Топырақ тау болмайды.

***

Айтар сөзді ойлап айт.

***

Отыз тістен шыққан сөз – отыз сан ордаға жайылар.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *