ӨРІКТІҢ ДӘНЕГІ

ӨРІКТІҢ ДӘНЕГІ

Қартайған анасын, жақтырмаған келіні, сенің шешеңе қашан қарасаң да шайнаңдап отырғаны, осы үйдің бар тамағын осы кемпір жейді, мен сенің шешеңе әбден тойдым тауға апарып таста, болмаса балаларды аламын да төркініме кетемін деп күн сайын мазасын ала берген соң, анасын арқалап тауға апарып тастапты.

Бір жыл өткесін баласы, анам көмусіз қалдау деп барып көміп қайтайын деп барса, анасының бас сүйегінен бір өрік ағашы өсіп шыққан екен. Сөйтсе бұрын анасының шайнаңдап отыратыны, тамақты немерелерім жесін деп, өзі тамақ жеп отырған кейіпті танытып, аузына өріктің дәнегін салып шайнаңдап отырады екен.

Өсіп шыққан талдың көшеті сол дәнек екен.
Ата — аналарымыз өлө өлгенше ойлайтыны бала — шаға екенін тас жүректер қайдан білсін.

Қартайған әкесін таудың басына апарып тастауға бара жатып, бір тастың үстіне дем алуға отырған баласына, әкесі қарқылдап күліп, мен де әкемді арқалап келе жатып осы тастың үстіне дем алған едім деген екен.

Демек әке — шешеге көрсеткенің жақсылық болса жақсылық, жамандық болса жамандық болып қайтады екен. Көрсеткеніңді көрмейінше жаның шықпайды.

Себебі ата — ана Алланың мейір махаббатының көрнісі. Ата — ананың балалары үшін тілеуі, Алланың тілеуі. Ата — ананың назары, Алланың назары. Ата — ананың дұғасы, Алланың дұғасы. Ата — ана разы, Алла разы, деп айтылатыны сондықтан.

Алиша.
Ватсаптан келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *