Құтып
(? — 1341)
Қыпшақтың аса ірі ойшыл ақыны. Шын аты белгісіз. Ақ Ордада өмір сүрген. Әзербайжанның ұлы ақыны Низамидің «Хұсрау мен Шырын» поэмасын қыпшақ тіліне аударған. Бұл – дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына еңген шығарманың қыпшақ тіліне тұңғыш тәржімалануы еді.
***
Қазан көп қайнаса, ас бұзылады.
***
Тасыған қазан төгілер.
***
Ақырын жүрген алысқа барады.
***
Бұлт шықса, бағбан бақшасын ойлайды.
***
Дем алу үшін алдымен еңбек ету керек.
***
Төзімді тілегіне жетеді.
***
Қабырғаның да құлағы бар.
***
Асығыстық – ақылдының ісі емес.
*** Келісіп істесе, көп іс бітеді.
***
Үйдің іргесі берік болсын десең, қабырғасын асықпай қала.
***
Кілеміңе қарай көсіл.
***
Алақанменкүннің көзін жаба алмайсың.
***
Көп ауру көр аузынан қайтады.
***
Ойлай білген ер көзсіз батырдан көп артық.
***
Ақыл – білімге бастар жол.
***
Біреудің бойынан кемшілік іздеме, өнер ізде.
***
Біліктіні білгені үшін сыйлайды.
***
Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.
***
Жеміс пісіп жетілгенше ғана өседі.
***
Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.
***
Ұшқан құсты қуып жете алмайсың.
***
Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.
***
Гүлдікөргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.
***
Кәріге жігітшілік жараспайды.
***
Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуді әлі тумаған адам, екіншісі өлген адам.
***
Жомарттық жоқ атаққа жол ашады.
***
Қара жүрек қайғының не екенін білмейді.
***
Елдің бай болуы патшаның ниетіне байланысты.
***
Қасыңның қасына да сыр ашпа.
***
Ізгілік тілесең, ізгі бол.