Қожа Ахмет Иассауи

Қожа Ахмет Иассауи

(1093-1166)

 

Қожа Ахмет Иассауи- түркістандық ғұлама. 1093, кейбір деректерде 1103, 1041 жылдары туып (Сайрам (Исфиджал)-1166 жылы Түркістанда (Ясы) дүниеден өткен. Арғы тегі- қожалар әулеті.Әкесі Исфиджабта даңққа бөленген әулие. Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидің Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Яссауидің ұрпағы негізінен осы қызынан         тарайды.ІХ          ғасырда Отырар,

Исфиджаб,Баласағұн,Ясы,Сауран,Сығанақ, Сүткент,Жент, Кудур,Отлук, Өзкент,     тағы          да          басқа     Мауераннахр     қалаларында          ислам          діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады.

 

*** Халқыңа қызмет ет, ізгілерге ізет ет.

***

Ғашықтық, құштарлық дертіне дауа болмас.

***

Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл пайғамбарымыздың өнегесі.

***

Ғашықтық жол – ауыр жол.

***

Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.

***

Тәубесі жоқтың көңілі арам.

***

Ғаріптерге көңіл бөл.

***

Әманда сауап жаса.

***

Нәпсің тынса, пейілің кеңір.

*** Жаны сергектің – тәні сергек.

***

Қам көңілдің қайғысына дауа бол.

***

Жолда шаршап — шалдыққанға сая бол.

 

***

Арамзамен сырлас болма, Олай етсең, баспайды ісің оңға,

Бастан- аяқ батумен пәле-сорға.

***

Не болса да сабыр қыл.

***

Кекірейген кердеңдерден қаш.

 

***

Ғашықтық, құштарлық дертіне дауа болмас.

 

***

Шын ғашықтық ұлы іс.

***

Бос үмітке алданба.

***

Жан жылуын өшірме.

***

Ит дүниені қызықтама.

 

***

Бейнеттен қашпа.

 

***

Қиын да болса түзу жолмен жүр.

 

***

Дүниеге құл болма!

Кітап аш та мәнін ұқ.

***

Ойсыз, мұңсыз уақыт зая

***

 

Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.

 

***

Кісі ақысын жеме.

***

Әділ сөйлеп, адал жүр.

 

***

Қысыр сөзге жолама.

 

***

Дабыра-даңғазалыққа тез үйір болма.

 

***

Ғалымдарға кітап керек,

Софыларға михраб керек, Мәжнүндерге Ләйлі керек.

***

Ақ пейілмен ақ адал дәмін ұсындарға ақ пейіл бол.

 

***

Тапқаның болса, ғаріп-пақыр, жетім-жесірлермен бөліс.

 

***

Шын мүбәрак жанның бағы жанар.

***

Тағат жаннатқа да жол табады.

***

Көңіл құсы қияндарға қонады.

 

***

Ұрыншақтың дауы көп,

Жамандардың жауы көп.

***

Ынтасыздың күні қараң.

***

Алла дегенге жын-шайтан жоламайды.

 

*** Әуейілік, пендешілік бір жат іс.

 

***

Күнәдан қорық.

***

Қайғы-уайым әр нәрседе абай болуға үйретеді.

 

***

Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ.

 

***

Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.

 

***

Қызмет еленбей қалмайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *