Шота Руставели

Шота Руставели

(XIIғ)

Грузин ақыны, гуманнист.

 

***

Айту ағат көрінгенге ғашықтығыңның тылсымдарын!

***

Құпияда болсын дәйім сүйгенді ойлап еңірегенің, Жүрегіңнің ізгі сырын естімесін ел дегенің!

***

Махаббат- бір ғажайып түс.

 

***

Адал достық- мөлдір бұлақ, бос нәпсі- ылас, кір суындай.

***

Асқан биік кәмелетке жете аларсың, етсең төзім.

***

Берілсең тек құштарлыққа- құмға толар екі көзің.

***

Ақын емес одан-бұдан өлең жазған жиып-теріп, Әлде біреу мақтар деген үмітке үміт үйіп беріп.

***

Жыр-бір рух, адам жанын әлдиге алып, дарынды ашқан, Самғайтұғын, сырты жылтыр бос мәнерге табынбастан.

*** Дүние – жалған…

***

Болса сөзің парасатты, тыңдап досың құлақ асар.

 

***

Ғашықтарды пәле аңдиды.

 

***

Біл, махаббат- ажал, тажал, үрей боп та түске енеді, Бірақ түбі- сол махаббат қажығанға күш береді.

 

***

Ғашықтықтың жанған отын жаныңдағы жасыр жұрттан… Ұқпас ғашық ешнәрсені, шын берілсе махаббатқа!

 

***

Көктен биік бақыт күтсең, көтер ауыр, қиын істі.

 

***

Тағдыры адам- ауа райы толқымалы, құбылмалы, Кейде аспанға бұлт кеп толар, кейде болар күн шұғылалы.

 

***

Досқа парыз достысы үшін қорықпай алда қиындықтан, Жүректегі сезімді үлкен шығаруы сыртқа бұққан. Ғашық білер ғашық жайын ғашық зарын терең ұққан, Доссыз өмір- қу бәйтерек жеке дара шөлге шыққан.

 

***

Жалған сөз жан мен тәнге өлшеусіз азап әкелер.

***

Шұғыла төккенжарық күндей лаула, егер де болсаң ғашық, Ер бол асқан, сұлулықтың айғағындай толсаң тасып.

 

***

Қиын -қыстау шақта досын тастап кеткен адам сол қиындықтың тауқыметін кейін өзі тартады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *