ХІІІ-ХVғғ.Әлем ақындарының афоризмдері
АхметИгунеки
(XII-XIII ғ.ғ.)
Қыпшақтың ұлы ақыны, ойшылы. Түркістан маңында дүниеге келген. «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық поэманың авторы.
***
Заман емес, адам ренжітеді.
***
Жала қылғанға опа қыл.
***
Жақсы мінез – жомарттық.
***
Өз ашуын өзі баса білген адам – күшті адам.
***
Сараң — малдыңқұлы.
***
Әділдіксіз қайыр жоқ.
***
Шындық – шипа, өтірік – дерт.
***
Кедейлік кемдік емес.
***
Бақытта баян жоқ: ұшқан құс тәрізді.
***
Сабыр – сауап.
***
Сабыр ет, қуаныш күт, бәле келсе, күте тұр, қайғы реніш ала келсе.
***
Қона білген көше де білер.
***
Жаман мінез жанға опа бермес.
***
Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да жауапсыз қалмайды.
*** Дүние бірде – бал, бірде у ұсынар.
***
Сүйеуі бардың сөзі де басым.
***
Жақсы жолдас – бауырың.