Фердауси
(Х ғ.)
Тәжіктің ұлы классик ақыны
Ақыл- өмірдің қайнарымәңгі.
***
Адаспас үшін ақылыңды тыңда.
***
Ақылың тозбай жаныңда жүрсін.
***
Жақсылық пен жамандық өтер, кетер, Ақылы аз байғұстар азап шегер.
*** Шат өмір сүр, көңілді бол, жол таңда, Жаның- өмір,ақыл- ұстаз тұрғанда.
***
Болғанда өміріне жолбасшы ақыл, Бәрі де тәмәмдалар болып мақұл.
***
Шешен бол қай жерде болсаң да,
Көсем, дана болқай жерде болсаң да.
***
Ақыл мен білімді,
Тыңдаушы сыйласын тіліңді.
***
Ақыл мен сенімді іздесең, Түспейсің қауіпті ізге сен.
***
Кеңесіп жүр данамен.
***
Ақылды болу –ұлы мәртебе.
***
Бола білсең уақыт әміршісі
Ақылдың да боласың тамыршысы.
***
Әлсіздік, ашу шешпес жұмысыңды Ақыл ғана кеңейтер тынысыңды. ***
Қос құлағың болсын дәйім данада.
***
Ақыл барша тірлікке қайнар бұлақ. Ақылдылар ақылсыздан биік тұрар.
***
Біле білсең ақыл мәңгі ұстазың.
***
Ақылмен жүректің көзін аш.
***
Мылжыңдардың ақылы аздау келеді.
***
Ақыл жина ісіңді жандандыратын,
Тіл, діліңді сақтайтын, қандыратын.