Тит Макций Плавт
(б. э. д. ІІІ ғ.- б.э.д. 184)
Рим комедиографы. Комедияларының бәрін өлеңмен жазған.
***
Саған сенген кісінің сенімін ақта.
***
Барлық істе шама болса зейнет-ті,
Шама асып кетсе- артық бейнет-ті.
***
Куәге бір рет көргенді тарт, он рет естігенді
***
Өзінен өзі талап етіп отыратындардан адамдықты көбірек көруге болады.
***
Махаббатта бал да, у да мол.
*** Адамдар бар тілі –бал, жүрегі- у.
***
Мектепте оқудың да өз мерзімі бар.
***
Өмірде күтілген істен күтілмеген іс жиі ұшырасады.
***
Өзгенің қиындықтарынан үлгі алған адамға ақылды болу оңай.