Санаи

 

Санаи

(1070-1140)

 

Санаи, Абу-аль Маджд Мадждуд ибн Адам – парсы ақыны. Дидактикалық діни поэма жанрының негізін қалаушы. Аталмыш жанрдағы туындыларда адамның даму заңдылықтары, нақыл сөздер, тарихи және тұрмыстық әңгімелер арқылы түсіндіріледі.

 

***

Сен өзің сенімсіз болсаң, қабылдаған шешіміңнен не пайда?

***

Ақыл-ой- шатыр болса, сезім – осы шатырға апаратын баспалдақ.

***

Ақылды адамдардан басқасына сырыңды ашпа. Жүрегіңе жақын достарыңнан басқасына жүрегіңдікөрсетпе.

***

Өзіңді тануға күшің жетпесе, Алланы қалай танырсың?

***

Тәжірибесіз болмыс ғайыптықпен пара-пар. Тәжірибе – бұл сенің жүре пайда болған ақыл-ойың.

***

Ғылым іс-әрекетпен байланыста ғана пайдалы, ал іс-әрекетсіз – қара бастың қамы болып қалады.

***

Құмарлық – жер тарпыған ат тәрізді, ал ашу – сенің денеңдегі ит сияқты, оларды қулықпен тепе-теңдікте ұстай біл. Оларды өсірме де, төмендетпе де, тең ұста.

***

Ашу мен құмарлық айуанға тән белгілер, ал білім мен даналық – адамның сұлулығы.

***

Жел сияқты күшті болу үшін жердей төзімді бол. Жақсылық жаса, көмек беруден тартынба, сонда сен жалындай лаулап, биікке көтерілесің.

***

Ақымақпен әңгімелесу іші бос қазаннан да жаман. Сырты ысталған болса да, іші бос.

***

Ақиқатқа жету үшін, бір рет болсын, жаның мен ақыл-ойыңнан бас тарт.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *