Омар Хайям

Омар Хайям

(1048-1131)

 

Омар Хайям – парсы математигі, астрономы, ақын, философ (толық аты Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келіп, сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер еңгізген. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның философиялық көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол«Болмыс және борыш туралы трактат»,«Үш сауалға жауап»,«Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры»,«Өмір сүру туралы трактат», «Наурызнама»,«Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат» т.б.

философиялық еңбектер жазды.

***

Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамның өзі сені сатып кетуі мүмкін.

***

Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытта болар. Бірі – не болса соны жей бермей, азығыңа талғаммен қарайтын жан; бірі – кім болса, сонымен дос болмай, айналасындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.

***

Адамның          санасы       қаншалықты          төмен          болса,          ол          мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.

***

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

***

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің.

***

Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын да алма.

 

***

Қайдан келдік осы? Қайда беттеп барамыз? Біздегі өмір мағынасы не екен?..

***

Байқа шырақ, бұ дүниенің байлығын, Уақытша ғой жарамайды тасқаның.

***

Сақинаға ұқсайды жаратылыс, Сондағы асыл тастың мінсізі – біз.

***

Бұл жалғанда ешкім мәңгі қалмайды, Келу, кету бізден соң да жалғасар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *