Насыр Хосрау
(1004-1072)
Насыр Хосрау Әбу Муин әл-Кубадияни әл-Марвази – тәжік-парсы ақыны, философ, діни қайраткер.
***
Бос мақтанға салынба сен жағымпазға егіліп,
Ғасыр бойы жанды қинап мазақ болма, тегін ұқ.
***
Надандыққа жауап берме надан боп, Сенім менен сатқындықты айыра біл адам боп.
***
Білім тұрған сұлулық қой, онымен Қатар тұрмас асыл киім тонымен.
***
Зерделімен айтысқан да жарасар Надандарға дүние тар әрі асар.
***
Білімменен мың қылышты жеңерсің, Ал қылышпен қалай білім теңелсін.
***
Жақсы адамның жан дүниесі жарқырар
Сырты жылтыр құр босқа тек қалтырар.
***
Бақытпен тек мақтануға әрқашан да болады, Егер де ол болып жатса білім-қуат қонағы.
***
Адам біткен ақылымен, білімімен қуатты,
Онсыз біздер көптің бірі бос өткізер уақытты.
***
Ақылдылық құлға да ерік береді, Күмбезді де қайта салып көреді.
***
Білім ғана бәрінен де биік етер адамды.