Жүсіп Баласағұн
(1021-1075)
Ұлытүрікойшылы, ақын. Түрік тілінде жазылған тұңғыш ірі энциклопедиялық туынды саналатын «Құтты білік» даналық кітабының авторы.
*** Біліп айтқан сөз – даналық деседі, Біліксіз сөз, қайран басты кеседі.
***
Сабыр – ақыл-парасаттың белгісі, Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі.
***
Ақылды сөз – алысқа атар сұр жебе!
***
Жырдың сөзі дәлдігімен қымбатты.
***
Білікті сөз, біліктінің өзі екен, Білікті сөз білімсізге көз екен.
***
Әділ жанның мол мейірі, шуағы, Екі әлемде күні оңынан туады.
*** Ізгілік – күш, ізгілікте – ырысың!
***
Сабырлы бол, сабыр бастар мұратқа!
***
Жаманнан без, қор қылады басыңды, Ол у жылан, умен булар асыңды.
***
Кездестірсең ақылды, ізгі адамды, Ей, ізгі ер, үйлен қойып алаңды.
***
Ақылды әйел, ізде – іздесеңсен егер, Есті болса, төрт құбылаң теңелер.
***
Жақсы іс көп жасайды.
***
Күншілдік – көп болып емдейтін дерт.
***
Қызғаныш қайда болса, ұрыс-керіс те сонда.
***
Ұрының қасында ұры жүреді.
***
Көп күлген бір жылар.
***
Бәлеқорды байытпа, тәкаппарды өсірме.
***
Қиянаттан алыс жүр.
*** Көз – жіті, құлақ сақ, көңіл – кең болуы керек.
***
Көз көрмей, көңіл тоймайды.
***
Ақкөңілділік – адам ойының тазалығының белгісі.
***
Қайғы басса, ағаш атқа жайдақ мінерсің.
***
Сәлем – сауап.
***
Жақсы мінез адамға тамақ та киім де тауып береді.
*** Кісіліктің үлгісі – мейірбандық.
***
Тегің мен түбіңді ұмытпағайсың.
***
Кейін өзің қалмау үшін табаға,
Жөнге салып, ие болғын балаға.
***
Сұлу әйел алған – өмір бойы қарауыл болып өтеді, Бай әйел алған – өмір бойы құл болып өт