Жолдас болудың ақысы қандай ?

Жолдас болудың ақысы қандай ?

Баяғыда бір жас жігіт жолаушылап келе жатып , алыстан көрінген атты кісіні қуып жетіп , амандасады . « Ассалаумағалейкум баратын бағытымыз бір болса , әңгімелесе отырып жол қысқартайын дегенім еді » , — дейді .

Ол бір ақ сақалды үлкен кісі екен, сәлеміне жауап қатпайды. Желпілдеп жетіп келген өзі, үлкен адамға бір нәрсе деуге ыңғайсызданып, артынан жүріп ере береді.
Қыр астынан бір ауыл шығады, ауыл сыртында балалар асық ойнап жүреді. Екеуi оларға жақындап келгенде ойын балалары асыққа таласып, Үлкендеу бipeyi бір кішкентай баланы ұрып өлтіріп қояды. Ауылдағылар жан-жақтан жүгірісіп, қым-қиғаш басталады. Өлген баланың шешесі өлтірген баланы ұрып, ол бала да өліп қалады. Оның әкесі келіп, әлгі қатынды карақұстан қонжитып, ол тіл тартпай кетеді. Беймәлім жолаушы осының бәрін сырттай бақылап тұрады. Ол үнсіз тұрғасын, оның қасындағы бала да тұра береді. Сосын әрі қарай жүріп кетеді. Жігіт шыдамай шалға тіл қатады:
-Ата, аяқасты үш адамның өліміне куә болдық. Не өзіңіз басу айтпадыңыз, не маған араша түс демедіңіз, мұныңыз қалай? -дейді.
— Олар осылай өлуге тиіс бола- деп жауап қатады шал.
-Кімнің қалай елетінін сіз қай- дан білесіз? — дейді жігіт таңғалып.
-Мен — Әзірейіл періштемін. Жаңағылардың жанын алған да мен! Жігіттің бойын үрей билесе де, біраздан соң өз-өзіне келіп:
-Ата, айтыңызшы мен қашан өлемін? — деп сұрайды.
-Сен үйленіп, сол күні төсeгіңе жатар алдында өлесің!
Мына сөз жiгітке ауыр тиеді. Зәресін алған сол сөзден үйлену жайын мүлдем ойламайды. Бірақ, ата-анасы да үйлен деп қоймайды. «Сол шал шынымен Әзірейіл ме, жоқ па, бәлкім, жай жүрген біреу шығар» деп жігіт күнде өзін осындай оймен жұбатып, акырында сол бір оқиға туралы ұмыта бастайды.Көңілі жай тауып, ата-анасының құда түскен қызына үйленеді.
Той өтеді, кешкі тамақ iшіледі, жатар мезгілі жақындайды. Сол кезде сырттан жігіттің атын атап, бір кісі дауыстайды. Жігіт желбегей жамылып сыртқа шығады, баяғы атты кісіні тани кетеді. Бойы мұздап, көзі қарауытады. Дереу eсін жиып, әке-шешеммен кешулесейін деп рұқсат сұрайды. Әзірейл ишарат жасап, рұқсат еткенін білдіреді. Бала әкесіне бұрынғы болған оқиғаны түсіндіріп, акыл сұрайды.
Сонда әкесі мына сөздерді айтады: «Сен оған пәлен жерге дейін жаныңа еріп, жолдас болдым, жолдастық ақымды бер де. Егер шынымен Әзірейіл періште болса, бұл сөзден аттап өтпейді. Өйткені, Алла жолдасыңның ақысын беруді парыз деп бұйырған».
Жігіт сыртқа шығып:
-Tүстік жолды бірге жүріп, жолдас болдым, әуелі жолдастық акымды бер, -дейді.
— Құп алдым. Жолдас болған ақыңа енді жетпіс жыл өмір сүресің,
— деп сонда Әзірейіл ғайып болады.
Міне, жолдас болудың ақысы кандай екенін осыдан-ақ білуге болады. Қасиетті кітаптардағы мұндай әнгімелерді әлгі баланың әкеci секілді бұрынғы өткендер өте жақсы білген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *