ГОСПИТАЛИЗМ (ағылш. hospital – аурухана) – психикалық және фи- зикалық мешеулік синдромы. Туыл- ғаннан бастап алғашқы жылдары баланың жақын ересек адамдармен қарым-қатынасының жетіспеуінен, көбінесе баланың балалар мекемесі- не (балалар үйіне, ауруханаға және т.б.) орналастыру салдарынан пайда болады. Г. бала қозғалыстарының дамуының кешеуілдеуінен, әсіресе кеш жүруінен, тілі кеш шығуынан, эмоциялық жұтаңдығынан, мешел болуынан және т.б. көрінеді. Өте ауыр жағдайда Г. психикалық ауыру- ға (сәбилік маразм), жұқпалы ау- румен жиі ауыруға, кейде баланың өліміне апарып соғады. Г. санитария мен гигиена ережелері сақталып, жақсы күтім жасалғанымен негізінен баланың ересектермен әлеуметтік қарым-қатынасының жоқтығының не тоқтауының салдары. Г. құбылысын ең алғаш америкалық психолог Р.Спитц және оның шәкірттері фрейдизмдік әдіснамаға сүйеніп, госпитализмді баланы анасынан айыру салдарынан болады деп түсіндірді. Алайда Г. құбылысы анасы баласына немқұ- райды қарайтын, мән бермейтін от- басында да байқалуы мүмкін. Гос- питализмді баланың ата-анасымен қарым-қатынасын көбейту арқылы, балалар мекемесіндегі тәрбиешімен эмоциялық қарым-қатынас жасау арқылы жеңуге болады.