ГИПНОЗ

ГИПНОЗ (грек. hypnos-ұйқы) – сананың уақытша күйі; сана көле- мінің күшеюімен және оны илан- дырудың мазмұнына барынша шо- ғырландыруымен сипатталады, мұ- ның өзі индивидиумдық бақылау жә- не өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты. Г. гипноз- даушының арнайы әсер етуінің нәти- жесінде немесе мақсаткерлікпен өзін- өзі иландырудан пайда болады. Гип- ноздық жағдайдың өздігінен бола- тын ерекшеліктерін саралау керек. Күйдің өзінің тон сипаттамалары: барынша иланғыштық, гипноздан ке- йінгі амнезияның болуы (Г. сеансы- ның мазмұнын, сондай-ақ гипноздау фактісінің өзін еріксізден ұмыту).

Г. жағдайында субъектіге оған са- наның әдеттегі жағдайында тән емес физиологиялық және психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін. Мұның қабылдау саласына (жағымды және жағымсыз иллюзиялар), ес са- ласында (бұған дейінгі өмірде болған оқиғалар мен фактілерді ұмыту не еске түсіру, жаңа материалды есте сақтау процестерінің белсендірілуі), зейін саласында (зейіннің шоғырла- нуы мен бөлінуінің артуы), ойлау саласында (қалыпты логиканың бұ- зылуы немесе шығармашылық си- патының артуы), тұлғаға қатысты әсері болуы мүмкін (мотивацияның, дағдылардың, көңіл күйдің, кейбір тұлғалық сипаттамалардың өзгеруі,

басқа адам бейнесінің иландырылуы, субъективтік уақытты ауыстырып- түйістіру).

Мұндай өзгерістердің бар екендігін арнаулы физиологиялық сынамалар мен психологиялық тестілер рас- тайды. XIX ғасырдың ортасына де- йін Г. туралы түсініктер гипнозда- ушы ерекше «флюидтер» немесе толқындар таратады деп ұғынуға не- гізделді. И.П.Павловтың еңбектерін- де гипнозға материалистік түсінік берілді. Физиологиялық теориялар гипнозды орталық жүйке жүйесіне тән сипатты күй деп қарастырады. Психологиялық теориялар гипноз- ды субъекттің қалыпты санасының ерекше жағдайларда өзгерген түрде функция атқаруы деп пайымдайды. Психотерапияда жанжалдарды және тұлға ұстанымдарын гипноанализдеу секілді арнаулы әдіс қолданылады.

Г. техникасын қолдану субъект са- насының функция атқаруының әртүр- лі деңгейлері кезінде мінез-құлықты эксперименттік әдіспен зерделеуге мүмкіндік береді. 1. гипноз, арбау;

  1. гипноз арбап ұйықтату, еркінен айыру; гипнозбен емдеу. Сендірудің ықпалымен сананың уақытша бөлініп тасталуы немесе өзінің қылықтарын саналы бақылаудан айыру. Г. – жасанды жолмен келтіретін ұйқыға ұқсас күй.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *