ГИПЕРБОЛА – грек сөзі, қаз. кү- шейту деген мағынаны білдіреді. Г. қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Г. деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көр- сетілуін айтады. Сөйткенде бейне ашық, мәнерлі болып шығады. Г-да белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелер- ді жасауда гипербола көп қолданы- лады. Мыс., үнді мифологиясындағы көп қолды құдайлармен, жетібасты айдаһардың бейнелері осы әдістің көмегімен құрастырылған.