ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯ

ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯ (нем.gestalt – пішін, тұтастық) – шетел- дік психологияның сенсуалистік ба- ғыты, 1912 ж. Германияда пайда болған. Г-ның ізашары X. Фон Эрен- фельс (1859-1932) болып табылады. XX ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізі- ліп жатқан психологиялық зерттеу- лерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жыл- дарда) кеңінен тарады. Г. физика мен математиканың ерекше ықпалында болды. Бұл бағыттың көрнекті өкіл- дерінің ішінде М. Вертгеймердің, В. Келердің, К. Левиннің және т.б. есім- дерін атауға болады.

Г. өкілдерін интроспективтік пси- хологияға тән психикалық құбы- лыстарды талдауға және зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен қанағаттандырмады. Бұл интроспективтік психология барлық күрделі құбылыстарды қа- рапайым құбылыстарға бөлді, олар- дың тіркесінен күрделі тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды. Гештальтпсихологтар психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жү- йесін қалыптастырудың өзіндік за- ңының өмір сүруі және жұмыс істе- уі туралы айтқан болатын. Гештальт- психологтардың зерттеулерінде күр- делі құбылыстардың элементтері жә- не оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың құры- лымын анықтаумен ауыстырылды. Осы себептерден ғылымдағы бұл ба- ғытты кейде «құрылымдық психо- логия» деп атайды (гештальт деген сөздің қазақша мағыналарының бірі

«құрылым» деген мағынаны береді). Г. көптеген өкілдері психологиялық білімнен, басқа жаратылыстану ғы- лымдарының салаларының бірінен базалық білім алды, бұл олардың психологиялық көзқарасына ерекше ықпал етті. В. Келер, мәселен, физика- ны оқып, үйренді және қабылдау мен ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті білімді пайдаланды. Кез келген құбы- лыс пайда болады және белгілі бір жүйенің бөлігі ретінде өзіндік ерек- шелік сипаттамасын алады деп жазды В. Келер. Г. ұстанымдары мен қағи- далары жеке тұлға мен тұлға аралық мінез-құлыққа қолдануды өзінің тео- риялық және эксперименталдік зерт- теулерінде К. Левин іске асырды.

Орта, Левиннің айтуынша, физика- лық бірлікте емес, психологиялық тұр- ғыдан анықталуы қажет, демек, адам- дардың оған әсер ететін субъектив- тік қабылдауы арқылы беріледі. Г. идеялары психологияның көптеген негізгі проблемаларын талдауда жа- ғымды рөл атқарды. Көп жағдайда Г. бихевиоризмге және өмір сүріп отырған психологиялық бағыттарға қарсы. Жас эксперименталдық психологияның ұзақ уақыт бойы зерт- теу нысаны түйсіктер болды. Пси- хикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық зертханаларда қан- шама күш салынса да тек ашылмай ғана қалған жоқ, керісінше, жоқ бо- лып кетті.

Бірақ бейне категориясын ұсынып отырған сол аспект әлеуметтік тео- риялық талдаудың және эмпирика- лық зерттеудің пәні ретінде міндет- ті түрде қарастырылуы қажет еді. Идеалистік философияның үстемдік ету жағдайында қалыптасқан оны іске асыруға Г. талпынған еді, оның бағыттары мен нәтижелеріне әсері тиді. Гештальтизмнің қалыптасу ке- зінде тұтастық және бөліктері проб- лемасына ерекше мән берілді. Бар- лық уақытта да психикалық өмірді оны тұтастықта, ішкі байланыста қарастыру негізгі мәселе болып кө- терілді. Болашақ гештальтистер екі зертханада тәрбиеленді: Ф.Брента- нонның шәкірті – К.Штумпфа (Бер- лин) және Геттинген университетін- де Г.Мюллерде тәрбиеленді. Олар өздерінің мақсаты – психологияны емес, логиканы реформалау мәселе- сін қойды. Олардың айтуынша, логи- ка феноменологияға айналуы тиіс. Осы мақсатты орындау үшін бұрын- ғы интроспективтік әдіс жарамсыз деп табылды. Оны жетілдіру негізін- де феноменологиялық әдіс қалыптас- ты. Бұл бағыттың түсіндіруінше, бей- ненің негізгі қасиеті константтылық немесе қабылдаудың өзгерген жағ- дайдағы тұрақтылығы, сонымен қа- тар егер қабылданатын зат тұтас түрінде қабылданбайтын болса, қа- былдаудың тұрақтылығы бұзылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *