ГЕНОТИП (грек. genos – шығу те- гі + tipos – форма, үлгі) – жасушаның немесе организмнің барлық гендері- нің жиынтығы; басқаша айтқанда, нәсілдік нышандар жиынтығы; «Г.» термині және түсінігін енгізген бота- ник В.Л.Иогансе (1909). Амер. Гене- тик Т.Х.Морган гендердің хромосом- дарда болатынын көрсетіп, нәсілдік- тің хромосомдық теориясын ұсын- ды (1912). Гендер дезоксирибонук- леиндік қышқылдардан (ДНК) тұ- рады; адамның гені шамамен 50000 – 100000 структуралық гендерден тұ- рады, олар белок молекулаларын код- тайды (структуралық белоктар және ферменттер). Хромосомдағы гендер- дің алатын орнын локус деп атайды. Бір популяциядағы (тұтас немесе бел- гілі локустағы) гендер генофонд деп аталады. Г. өз ата-анасының гендер жиынтығының немесе қандай да бір қасиеттерінің тұқым қуалау жолымен берілгендігі. Г. – өзінің ата-бабасы- нан немесе әке-анасынан туыла бе- рілген қандай да бір қасиеттердің не- месе гендердің жиынтығы.