ВЫГОТСКИЙ ЛЕВ СЕМЕНОВИЧ- (1896-1934) – әлемдік психологияда әйгілі кеңес психологі. Оның жаса- ған жоғары психикалық функция- лардың дамуында мәдени-тарихи концепциясының теориялық және эмпириялық мүмкіндіктерінің маңы- зы өте зор. Л.С.Выготскийдің көпте- ген еңбектері балалар мен педагогикалық, арнайы және клиникалық психологияның өзекті әрі іргелі мә- селелерін қамтиды.
Адам жан дүниесінің сыр сипатын терең зерттеген Л.С.Выготскийдің адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және «бала дамуының жақын арадағы аймағы» деп аталатын тұжы- рымдары айрықша атап көрсетуді қа- жет етеді. Мәдени-тарихи теория ту- ралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өмі- ріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тә- уелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы ке- зеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибе- сіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бей- несіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүнисінің өзгеріп өрістеуіне, қа- лыптасуына ықпал етіп отыратын та- рихи фактор ретінде қарастырыла- ды. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, аза- маттық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп оты- ратын тарихи жағдайларға, әлеумет- тік ортаға байланысты.
Л.С.Выготскийдің психология ғылы- мында ерекше орын алатын теория- сы – бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні – баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қа- лыптастыру үнемі оның табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап, біріншіден, баланың психикасын, оның жан дү- ниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп жетілдіреді, білім алуға жетелейді, оны өздігінен ойлантып- толғантуға, әрбір зат пен құбылыс- тың мазмұн-мағынасын пайымдай білуіне жетектеп отырады. Бала оқу- тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыс- тар арасындағы себепті байланыстар- ды зерделей танитын міндеттерге машықтану керек.
Егер табиғи дамуда баланың психи- касы күрделеніп, сана-сезімі жетіле- тін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен бі- лімінің шеңбері кеңейеді. Оның да- мып жетілуі, сыртқы ортадан түйсі- ніп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп, санасының өрісте- уіне әсер етуі сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларға (интериоризация) айналуымен бел- гіленеді. Осы жайт Л.С.Выготский- дің адамның мәдени-тарихи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі: баланың айналасын- дағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, ты- ныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жа- намалай үйренуі. Осылайша, бала өзінің дербестігін, жеке басының пси- хикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеу- меттік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуын- дағы ең жоғарғы функция, яғни бол- мыстың бала санасындағы бейне- ленуі деп аталады.
Баланың басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңба- лар ретінде танып-біліп, мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әр- бір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылмен пайымдай білуін қалып- тастырады. Выготскийдің айтуын- ша, дамудың осы жолы бойынша материалдық (заттық) дүние жоға- ры психикалық қызмет арқылы мә- дени факторға (оның бейнесіне) ай- налады. Сондай-ақ жаттаудың сөз- дік-мағыналық еске айналуы, нәрсе- лердің бейнесін көз алдына келтіріп елестетуі – сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар шығармашылық қиялға айналады: қарапайым қимыл-қоғалыстар ерік- ті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоға- рыда айтқанымыздай, ішкі процес- тер толығымен сыртқы әсерлер нә- тижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге (интериоризация) айналады. Психикалық құбылыс- тардың пайда болуы туралы осы пі- кір, баланың мәдени дамуындағы кез келген функциясының сыртқы кө- рінісінің сахнаға шығуы екі түрлі бағытта анық байқалатынын көрсе- теді. Оның бірі – әлеуметтік сипатта, екіншісі психологиялық сипатта кө- рініп отырады. Даму процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алды- мен адамдардың өзара қарым-қаты- насы арқылы өріс алса, жақсы бай- қалады. Л.С.Выготский «Жоғары пси- хикалық функциялардың даму тари- хы» дейтін еңбегінде (1931) осы пікі- рін одан әрі жалғастыра түсіп, «бала- ның жоғары психикалық функциясы әлеуметтік ортада ересектермен қа- рым-қатынас жасау арқылы туындап отырады, осы жағдайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі», – дейді. Л.С.Выготскийдің бұл тұжырымы
«баланың дамуының жақын арадағы» жайындағы қағидасына негіз болды.
Л.С.Выготский тарихи даму кезең- дерінде адам психикасының өзгеріс- ке түсіп отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу са- тыларын жан-жақты іздестіреді. Осы тұжырымның мәні 1934 жылы жа- рияланған «Ойлау мен сөйлеу» деген еңбегінде қарастырылған.
Арнайы психология саласында Л.С.Вы- готский кемтар балаларды оқыту мен тәрбие істерінде тиімді жолдар ар- қылы елеулі табыстарға жетуге бола- тындығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетті. Оның зерттеу нәтижелері тек психологияға ғана емес, адамта- ну ғылымдарына қатысты өзге де ғы- лыми пәндер болып саналатын: де- фектология, тіл білімі, психиатрия, өнер тану, этнографияның дамуына пайдалы үлесін қосты.
Выготский мектебінің өкілдері (Бо- жович Л.И., Запорожец А.В., Левина Р.Е., Леонтьев А.Н., Лурия А.Р., Эльконин Д.Б., т.б.). Негізгі еңбектері: 6 томдық шығармалар жинағы (1982-1984);
«Педагогикалық психология» (1926),
«Қылықтар тарихының этюдтары» (1931), (А.Р.Луриямен бірге), «Өнер психологиясы» (1965), т.б.