ВЕБЕР-ФЕХНЕР ЗАҢЫ – түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргіштің физи- калық қарқындылығына (Р) лога- рифмдік тәуелділігі: Е= кlog Р+ С,(S=К lgi + С) мұндағы к мен с осы сенсор- лық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының субъективтік теңдігі туралы қосым- ша ұйғарымның негізінде неміс пси- хологі және физиологі Г.-Т.Фехнер тұжырымдады. Эмпириялық зерт- теулер мұндай тәуелділікті тітіркен- діргіштің қабылданатын мәндерінің диапазонының ортаңғы телімі үшін ғана қуаттайды. Вебер-Фехнер заңы- на, әдетте, бұл тәуелділік логарифмдік сипатта емес, дәрежелік сипатта болады дейтін Стивенс заңы қарама- қарсы қойылады. Вебер-Фехнер заңы бойынша тітіркендіргіштердің күші геометриялық прогрессия жолымен көбейсе, одан туындайтын түйсіктер, арифметикалық жолмен өсіп отыра- ды. Мұны Е=i/Р мұнда Е – сезгіштік, i – тітіркендіргіштер күші, Р – ті- тіркендіргіштер табалдырығының өлшемі. S=к log і + С мұндағы S – түйсіктің жиілігі, К -тітіркендіргіш күші, к, С – тұрақтылар (константалар). Бұл екі формуланы Ю.М.Забродин ортақ мәнге келтірген.