БӨКЕЙХАНОВ ӘЛИХАН (1866-1937) – қазіргі Қарағанды облысы- ның Қарқаралы ауданында туған. 1888 жылы Омбы техникалық училище- сін, 1894 жылы Санкт-Петербургтегі Орман-техникалық институтының экономикалық факультетін бітірген. Кейіннен Омбыдағы орман шаруа- шылығы училищесінде сабақ береді, ғылыми жұмыспен айналыса бастай- ды. Ол «Россия. Общее географичес- кое описание нашей Родины» атты 18 томдық іргелі ғылыми еңбектің авторларының бірі. Семей облысынан бірінші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланады. Революциялық жұмыстары үшін бірнеше рет түрмеге қамалады. 1905-1907 жылдары Омбы Кадет партиясының губерниялық комитетіне мүше болады. «Иртыш»,
«Голос степи» газеттерінің редак- циясында істейді. 1913 жылы А.Бай- тұрсынов, М.Дулатовтармен бірге «Қа- зақ» газетін ұйымдастыруға ат салы- сады, бүкіл ресейлік земство одағы- ның жұмысына қызу араласады. (1916) Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің Түркістан комитетiнің жұ- мысына қатысып, Торғай облысы- ның комиссары болады, 1917 жылы кадет партиясы қатарынан шығып, басқа қазақ зиялыларымен бірге Алаш партиясын құрады, жаңадан құрыл- ған Алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланады. 1919 жылдан бас- тап баспагерлік жұмыспен айна- лысады. 1920 жылы ҚазАССР Бірін- ші Кеңесінің съезіне құрметті қонақ ретінде қатысады. 1937 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, өлім жа- засына кесіледі. 1989 жылы КСРО Бас прокурорының шешімімен то- лық ақталады.
Оның әр жылдары түрлі тақырып- тың төңірегінде жазған шығарма- ларынан ұлт психологиясына қатыс- ты, сондай-ақ психология ғылымы- ның кейбір теориялық қағидалары- мен тоқайласатын түйіндерді көптеп кездестіруге болады.
Ғалым бұл арада әр халықтың өзін- дік әдет-ғұрпы, дәстүрі, салты, ұлт- тық мінез бітістері, әлеуметтік сезім- дері мен көңіл күйлері, алуан ойлары мен талап-тілектері, яғни рухани өмірдің сан қилы жақтары мен қым- қиғаш қайшылықтары болатынды- ғын үнемі ескертіп отырады. Бұл жө- нінде оның ой-түйіндері төмендегі жолдардан жақсы байқалады. «…Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жер- де тізе қосып отырған іргелі ел жоқ… Анық түрік затты халық біздің қазақ- та… Қазақ халқы түптен келе жатқан зорлық, тепкіде өскен…» Ғалымның ұлттық психология мәселелерінен ке- йін сөз еткен психологиялық түйін- дерінің негізгі желісі – жалпы психо- логияның теориялық қисындары- ның төңірегінен табылады. Бұл жө- нінде ол: «Ақыл да, ұсталық та оқу- мен, істеумен жүре ұлғаяды… Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек… адамның хайуаннан айыр- машылығы – ойлай, сөйлей алатын- дығы, имандылықпен имансыздық- ты, ұят пен ар-намысты түсіне де сақ- тай да білетіндігінде». Ә.Бөкейханов еңбектерінде адамның тіршілігі үшін іс-әрекетпен айналысу жәйі, бұл жолда оқу-білім, шеберлік, айла-тәсіл, дағдының қажеттігі ерекше сөз бола- ды. Адам баласы,- дейді ол, – үнемі ізденіс үстінде, жалықпай, талмай, әрекет еткенде ғана мақсатына жете алады, өмір үнемі күрес, бірлесіп тір- шілік ету, бұл үшін шеберлікке, айла- тәсілге жетілу қажет… Кім шебер бол- са, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп, тізе бүгіп іс қылса, ғұмыр бәйгесі соныкі… Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсаса, іс көркейеді… Адам шеберлігі араласып іс қылмаса, таудай алтын – бір өлі қазына… Тір- шілік, ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбау, әдіс… «Қай заманда болмасын енжар, бұйығы адамға өмір сү- ру қиын, өйткені… жылап мұратқа жетемін деу аш түйенің күйсеуі бо- лады… Заманың түлкі болса, тазы болып шал» дегендей, кейбір мансап иелері адамгершілiк-имандылықты белінен басып, өздерінің мақсатына жетіп отырады, бұларды адам деп айтуға болмайды. Олардың әрекетінің хайуаннан еш айырмасы болмайды. Өйткені, бірін-бірі жеген, бірін-бірі алдаған, бірін-бірі аңдыған, бірінен- бірі кек алған хайуан тұрмысы, салты» дейді.
Туған халқы үшін қызмет ету – аза- маттық қасиет, абыройлы іс. Ол үшін адам оңы мен солын аңғаруы, білім- ғылымды терең меңгеруі тиіс. Сонда ғана адамшылығы да, ақыл-ой өрісі де өз дәрежесінде болады, сөзі мен ісі бір жерден шығатын болады. Ақылды болу сондай қиын. Ол үшін көп оқып, зейінді болса кісі білімді болады. «Адам баласы қылып жүрген іс, ой-ақыл болып басталады, адамды бала тапқан қатындай қинап, сөз болып сөйлене- ді, иә жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады. Не жұмыс қыл- сақ: осы үшеуі: ақыл, сөз, сана талқы- сынан өтпей жұмысқа айналмайды. Ақылды сөз қылу сондай қиын… Сөз- ді іс қылмақ мұнан неше есе қиын.