БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

(1685-1777) – XVIII ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Бұқар жырау өмірінің біразы хан сарайы маңында өткен. Ақын хан мен қараның іс- әрекетін таразыға салып, сан алуан өмір құбылыстарын ой елегінен өт- кізіп отырды.

Бұқар шығармашылығын зерттеуші- лер (М.Көпеев, С.Сейфуллин, Қ.Жұ- малиев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұ- қанов, М.Мағауин, т.б.) оның ислам дініне аса қанықтығын, осы діннің насихатшысы болғандығын, мұны ел басқарудың, халықты бір-бірімен жақындастырып, татуластырудың басты құралы деп түсінгенін ескер- теді.

Әрине, сөз болып отырған кезеңде қазақ қоғамы экономикалық даму,ғылым-білім жағынан төмен дәреже- де еді. Тек хан, сұлтан, қожа, молда- лар ғана хат танитын. Оқудың өзі де ислам идеясына белшесінен батқан діни кертартпа схоластикалық ұғым мен шариғат шырмауында болды. Бұқар секілді үстем таптан шыққан бірен-саран адамдар ғана сол кезде Орта және Таяу Шығыс елдеріне барып, арабтың тілі мен поэзиясы- нан, философиясы мен дін ілімінен сусындайтын, орта ғасырлық шығыс авторлары жазған ғылыми трактат- тарды оқып, ой-санасын көтеретін. Діни – философиялық толғаулардың біршама биігінен көрінген Бұқар- дың да сол кездегі білімділердің бірі болғандығына күмән жоқ.

Бұқар өлеңдері арқылы қазақ дала- сындағы әлеуметтік, қоғамдық-саяси мәселелердің бет пердесі ашыла түсе- ді, ол қоғамдағы барша халыққа бір- дей былайша ақыл айтады: дүние ке- зек, мұнда мәңгілік байлық та, жар- лылық та, көптік те, жалғыздық та жоқ, сондықтан кезекті дүниенің сипаты- на орай өмір сүр. Адам халықпен бір- ге жасайды, оларша жұртпен қосыла қоғамға қажетті игіліктерді өндіреді, адам табиғатында белсенді тұлға, әлеуметтік қайраткер. Адамды адам ететін оның ортасы, тәлім-тәрбие. Бірақ «бір биеден ала да, құла да туады». Адамзаттың баласы, Атадан алтау тумас па, Атадан алтау туған- мен, Ішінде оның біреуі, Арыстаны болмас па? Арыстанның барында, Жорғасы болса мінісіп, Торқасы бол- са киісіп, Торламалы қамшы алып, Толғап дәурен сүрмес пе?!, деп ол бес саусақтың бес түрлілігі сияқты адамдар бір-бірінен жеке сипат қа- сиеттерімен ажыратылып отыратындығын, бұлардың ішінде көреген, білгір, озық ойлы ақылдысы да, ойсыз ақымағы да, ел билеуге, халыққа кө- семдік етуге жарайтын-жарамай- тындары да болатындығын айтады. Таланты зор ерен қабілетті әлеумет- тік өмірде елеулі рөл атқарып, қо- ғамдық прогресті шама-шарқынша тездетуге себепші болатын пенделер де кездесіп отырады, дейді жырау. Осындай барша жұрттан өзгеше жа- ратылған адамның біріне ол Абылай ханды жатқызады: Жұлдызың туды- ау оңыңнан, Жан біткен еріп соңың- нан, Он сан алаш баласын, Аузыңа құдай қаратып, Жусатып тағы өргі- зіп, Жұмсап бір тұрсың қолыңнан. Әрине, бұл жерде жырау Абылай се- кілді хандардың қоғамдағы рөлін асы- ра бағалап, барша халықтың игілікті ісін бір кісінің басына үйіп-төгіп, қа- зақ қоғамының прогресін тек Абы- лайдың іс-әрекетімен түсіндіргісі ке- леді, оның жеке басын асыра мадақ- тап, оған құдайдай табынады. (Жеті күн кіріп ұрысқа өлімге басың байла- дың, жетім мен жесірге ешбір жаман- дық қылмадың).

XVIII ғасырдағы жоңғар шабуылы- нан үлкен зардап шеккен қазақ елі енді тек бейбіт өмірді аңсады. Бұл жағ- дайды дұрыс түсінген Бұқар Абылай- дай тынымсыз жорық жасап, ел бе- рекесін кетіріп жатқан ханға халық- тың өзара бірлігін сақта, жаугершілік- ті қой, деп ақыл-кеңес береді: Со- ғыссаң кетер сәніңіз…Жаулық жо- лын сүймеңіз, – деп жырау мал мен жер үшін босқа қан төгуге қарсы шы- ғып, Абылай ханның соғыс саясатын бүкіл елдің жақтамайтынын ескерте келіп, жұрт тілегіне қарсы іс қылу, ел ойынан шықпау жақсылыққа апармайтынын, көрші елдермен алыс-бе- ріс жасап, жауласпай бейбіт өмір сү- рудің қажеттігін, әсіресе, орыс елімен дос болып, оған арқа сүйеу керекті- гін ескертеді. Мәселен: Ашуланба, Абылай, Өтіңменен жарылма, Өк- пеңменен қабынба, Орыспенен соғы- сып, Басына мұнша көтерген, Жұрты- ңа жаулық сағынба! – деген жолдар Бұқардың жоғарыда айтқандарын онан сайын бекіте түседі. Хан халқын сыйлап, жұрттың айтқанымен сана- сып отыруға тиіс, жақсы ханды хал- қы да қадірлейді, хан халық тілегінен шықса, қой үстіне бозторғай жұмырт- қалайтындай заман орнайды, деп жы- рау жаппай үйлесімділік (гармония) теориясына ұқсас жаңсақ қорытын- ды жасайды. Ханның жақсы болма- ғы, Қарашаңның елдігі…Ел иесі құт болса, Ауыл ала болмайды.

Халқымыз ежелден туысқандық ынты- мақтастыққа, ағайынгершілікке ерек- ше мән беріп келген. «У ішсең руың- мен» деген заманда өмір сүрген қарт таптық белгілерді айыра алмай, аға- йындардың ынтымақтасқан ауыз бір- лігін, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратындай» мықты топ болуын ғана аңсаған. Ағайынның аразы, Ер- дің сәнін кетірер…Бұл жалғанда бір жаман, Ағайынның аласы…Айыра алмай жат өлсін. Жат бойынан түңіл- сін, Бәріңіз бір енеден туғандай бо- лыңыз.

Жырау ағайын татулығы, елді бе- рекелі ететін, ең басты нәрсе екен- дігін айтып «ағайын тату болса, жат жанынан түңілер» деген халық мәте- лін құптай, халықтың тату-тәтті өмір сүруін армандайды. Дегенмен психо- логия ғылымына қатысты қызық- ты тұжырымдар жырау шығарма-шылығында көптеп кездеседі. Солар- дың бірі – Бұқардың адамның жас ерекшеліктеріне берген сипаттама- сы. Жырау әр жастағы адамдардың көңіл күйі, сезім эмоциялары, мінез- ерекшеліктері, түсінік-талғамдары, сенім, қызығулары, әдет-дағдылары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде де қызықты пікірлер айтқан. Мәсе- лен, жас кезеңдерінің ішінде жігіттік пен кәрілік шаққа ол ерекше көңіл бөлген. Соңғы жайт жұрттың назарын күні бүгінге дейін аударып келе жат- қан мәселе. Монографиялық еңбек- терде егде – кәрі адамдардың психо- логиялық ерекшеліктерін ғылыми талдау беріліп, буржуазия ғалымда- ры уағыздайтын кәрілік адам өмірін солу, сөну шағы дейтін пікірлердің шындыққа жанаспайтындығы, адам- ға қолайлы психогигиеналық жағ- дайлар жасалатын болса, оның 100- 120 жыл жасауға да мүмкіндігі бола- тындығы сөз болады. Мәселен, қазір- гі геронтология (кәрілік туралы ғы- лым) қарт адамдар сәл нәрсеге реак- ция жасағыш, көңілшек келеді дейді. Оларда жұрттың сын-ескертпелеріне төзе бермейтін, өткендегіні көп аң- сайтын, өзі сөйлеп, мұны жұрттың тыңдай бергенін жақсы көретін сипат қасиеттердің жиі кездесетіндігін ай- тады.

Қазақ ақын-жырауларының ішінен кәрілік құпиясын ерекше үңіле қа- раған, адамның бірі – осы Бұқар. Оның бұл арадағы тұжырымдары мен топшылаулары жоғарыда біз айтқан геронтология ғылымы белгі- ленген қағидалардан онша алшақ жатпайтынын аңғаруға болады. Мә- селен: …Сексен бес жасқа келгенде,Екі қара көзді алар, Ауыздағы сөзді алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіңдегі нұрды алар, Бойыңдағы шырды алар, Аузыңдағы тісті алар, Өлмегенде нең қалар?! Тоқсан бес деген тор екен, Дәйім жанның қоры екен, Қарғиын десең екі жағы ор екен, Найза бойы жар екен, Түсіп кетсең түбіне, Түбі жоқ терең көл екен, Ел қонбайтын шөл екен, – деп жырау адам қартайғанда іс-әрекеттен қалып, қуаты кемитінін, дене қуатының әлсіреуімен қатар жүйке жүйесі қызметінің, сана-сезімін төмендететінің, әсіресе, жарлы-жа- қыбай адамдардың қартайып қалжы- раған кездерде жайлы жатып тұру- ға, өзін-өзі күтуге шамасы келе бер- мейтіндігін ескертеді.

Жырау дана қариялардың қылықта- рын жастарға үлгі етеді. Ол қарт адамдар өмірдің үлкен өткелінен өт- кен, көпті көрген, тәжірибелі келе- тіндіктен олардың ақыл-кеңестері, жастардың сана-сезімінің, ой-өрісі- нің қалыптасуына зор ықпал ететінін де айтады. «Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман бол- саң маужырап барып соларсың», – дегенде Бұқар жырау жас мөлшері шамалас адамдардың психологиясы да түрліше болып келетіндігін, мәсе- лен, кейбір ерік-жігері күшті адам- дардың 50-60 жасқа келсе де қартая қоймайтындығын, ал жастайынан бос белбеу, өз тізгінін жіберіп алған кейбір жандардың күнінен бұрын қаудырап, қаусаған шал болып қала- тындығын ескертеді.

Жырау адам психологиясындағы жа- ғымсыз жақтарды, мінездегі міндер- ді көрсетуге шебер («Қайырымсыз итке мал бітсе, саумал бермес ішу-ге, байдан қайыр кеткен соң, мал біт- кенмен не пайда?!») Ол қатал қайы- рымсыздықты, пейілі тар малжанды сараңдықты сынайды, адамдардың мұндай жаман қасиеттерден аулақ жүріп, олардың кең пейіл, елгезек, қайырымды болуын тілейді. Баймын, батырмын деп мақтанба, айналаң- дағылармен санас, бір-біріңмен тату- тәтті өмір сүр дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *