БУГЕР-ВЕБЕР ЗАҢЫ (кейде – Ве-бер заңы) – белгілі бір сенсорлық жүйе соған бейімделген тітіркендір- гіштің шамасына І айырым табал- дырығының ÄІ тура пропорционал- ды тәуелділігі: ÄІ/І=К(соnst). Пси- хофизикалық заң түйсіктің күшін бо- лар-болмас өзгертетін тітіркендіргіш- тер шамасының алғашқы негізгі шамасына жетілдіретін тұрақты қатынасын білдіреді: I – тітіркендіргіш- тің алғашқы негізгі шамасы, ÄІ – оның өсімшесі, К—тұрақты (констан- та). Бір өлшемдес сенсорлық тітіркен- діргіштерді саралау жағдайы үшін белгіленеді. Вебер қатынасы деп атал- ған К коэффициенті әр алуан сенсор- лық тітіркендіргіштер үшін әртүрлі: дыбыс жоғарылығы үшін – 0,003; көрінетін жарық үшін – 0,02; ды- быстардың қаттылығы үшін – 0,09 және т.б. Ол түйсінудің болар-бол- мас өзгерісін алатындай болу үшін тітіркендіргіш ұлғаюы не кемуі тиіс болатын шаманы тіркейді. Бұл тә- уелділікті XVIII ғасырда француз ғалымы П.Бугер анықтап, кейін оны неміс физиологі Э.Г.Вебер егжей- тегжейлі зерттеді. Бугер-Вебер заңы- ның одан әрі дамытылуы және түсін- дірілуі Фехнер заңы болып табыла- ды (қараңыз: Вебер-Фехнер заңы).