БОЙКҮЙЕЗДІК

БОЙКҮЙЕЗДІК (лат. negativus – жоққа шығарамын) – айтқан ақыл- кеңеске құлақ аспай, өз бетінше жүріп- тұрудан көрінетін мінездің жағымсыз жағы. Б. белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайдағы Б. орынды талап-тілекті орындаудан бас тартудан, тыңдамай жүре беруден көрінеді. Мұндай адамның іс-әре- кетінде дәйекті пікір, қисынды мотив болмайды, ол тек «өзімдікі ғана жөн» деп ешкімнің ырқына көнбей жүре береді. Белсенді бойкүйездікке са- лынған бала үлкендердің айтқанына қасарысып қарсы шығады. Мінездің жағымсыз қасиетіне айналған тұрақ- ты бойкүйездіктен ауру-сырқау ке- зінде пайда болатын кейбір өткінші бойкүйездікті, сондай-ақ жүйке жү- йесінің зақымдануынан туындайтын патологиялық бойкүйездікті (шизо- френия) ажырата білу керек. Қолайлы психологиялық жағдай орнату – бала бойкүйездігінің өріс алмауының бас- ты шарты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *