БОЙЖЕТКЕН ПСИХОЛОГИЯСЫ – қазақ ұғымында 15-16-ға кел- ген бойжеткен ақыл-есі, дене бітімі, келбет-кескіні кемелденген, отау құ- руға жарап қалған қыз бала. Қай ха- лықта болмасын қыз әдемілік пен әдептіліктің, сұлулықтың баламасы іспеттес. Халқымыз жайсаң мінезді, әдепті жігітті де «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы
«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер бойжеткенге тән психологияны (нә- зіктік пен байсалдылықты, шеберлік пен ұқыптылықты, сұлулық пен сым- баттылықты, т.б.) аңғартып тұрған жоқ па? Кез-келген қазақ отбасы осы- нау ерекшелікті жақсы түсіне біліп, бойжеткен қызын алақанына салып, әлпештеумен бірге, оны ылғи да жі- бектей мінезімен, уыздай тәтті қы- лығымен, әдеп-ізеттілігімен, иман-ина- баттылығымен, күміс күлкісімен көр- гісі келген. Оларды кішкентай кезі- нен көздің қарашығындай сақтап әл- пештеп, мәпелеп, жаны мен арының таза, мінезінің өнегелі болуын қада- ғалап отырған, сонымен бірге «қызға қырық үйден тыйым» салу керектігін де ұмытпаған.
Сұлулық пен сымбаттылықты, шебер- лік пен нәзіктікті қажетсінетін үй іші- лік еңбекке (кесте, өрнек, кілем тоқу, т.б.), көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды – бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген. Халықтық дәстүр қыз бала тәрбиесін- де ереже ұсынбайды, тек бағдар бере- ді, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жо- сығын нұсқайды. Ол негізінен қыз- дың мінезі мен құлқына кіріге өтілген адал мен арам, обал мен сауап деген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Адам үшін ең қымбат түсінік те, жұмбақ түсінік те – жанмен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұ- ның алғы шартты – бақылай білу, кө- ре білу, кісінің ішкі сырын танып, ұғы- ну арқылы өзін-өзі түсініп, иманды- лық пен өнегені бойына сіңіріп, ша- ма-шарқына қарай оны жүзеге асыра білу. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі от- басы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ардақты, ақылман әже.
Олай болса, халық танымындағы бой- жеткенге қажетті сипат – имандылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісмерлік, биязылық, мейірімділік әр бой- жеткеннің асыл мұраты болса игі. Халқымыздың ұлттық дәстүріндегі бір ерекшелік – тәлімдік ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға тұспалдап, астарлай жеткізу. Бұл салт ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін сақталған. Мәселен, «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда» деген бір ауыз сөздің өзінде-ақ тәрбиелік талап- тілектерді бірден бетке айта салмай, көбінде оларды жанамалап жеткізге- нін байқаймыз. Мұндай ақыл-кеңес- ті көп жағдайда қыздың анасы, не сырлас жеңгесі айтатын болған. Бұ- лар – бірде талап-тілек, бірде ойла- нып-толғануға негіз болатын зілсіз ескертпе ретінде, яғни бойжеткеннің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне лайық- ты «жақсы сөз – жарым ырыс» де- гендей, әдіс-тәсілдер арқылы құлақ- қа сіңетін. Қыз бала жастайынан үй ішілік, тұрмыс-тіршілікке (кесте тігу, ою-өрнек ою, киім тігу, құрт қайнату, шай құю, ет мүшелеу, оны сақтау, ас әзірлеу, үй ішін күту, т.б. осы іспеттес істерге) машықтанып, баулынған. Ұлан-ғайыр даланы мекендеген қазақ елінің қайсыбір аймақтарына тән же- ке ерекшеліктері мен өзгешелікте- ріне қарамастан, қыздарды адамгер- шілік мінез-құлыққа тәрбиелеудегі халықтың дәстүрі ортақ еді. Қыз тәр- биесінде халқымыз күш көрсету, қор- қыту тәсілдерінен бойды аулақ ұс- тап, оларды мәпелеу, иландыру, сен- діру әдістері арқылы үлгі-өнеге көр- сетуге ерекше мән берген. Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сән- ді киінуге, өзінің есейгенін сезіп, ай- наласындағыларға әдемі, сымбатты көрінуге тырысады.Әсіресе, шаш күтімі, бет, тіс күті- мі сияқты кісіге ажар беретін косме- тикалық – гигиеналық атрибуттарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жерде ұлы Абайдың «Білектей арқасында өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын, кәмшат бөрік, ақ та- мақ, қара қасты, сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін» деген бейнелі суре- ті қазіргі бойжеткендерімізге де ар- нап айтылғандай. Расында да, қыз баланың көркі алдымен білектей ар- қасына өрген бұрым, яғни шаш күті- міне байланысты болатыны хақ. Бой- жеткеннің өңіне шашының қалыңды- ғы мен ұзындығы, өрген қос бұрымы қандай жарасымды десеңізші! Заң- ғар жазушымыз М.Әуезов «Абай» ро- манында бейнелеген қазақ бойжет- кендерінің келбет-көркі мен сымбаты- на еріксіз тамсанамыз емес пе? Сү- йіндіктің қызы Тоғжан өз үйіне өзгеше көктем нұрын кіргізген жан. Мұхтарша айтсақ, Тоғжанның жүзі мағыналы нұрға малынып тұрғандай. Оның сыл- дыраған шолпысы, құлағындағы әше- кей сырғасы, басындағы кәмшат бөркі, білек толған білезіктері, аппақ жүзі, қыр мұрны мен қарақаттай көзі, жаңа туған айдай қиылған жіп-жіңішке қасын ұлы жазушы «Тоғжан көрініп кеткенде сұлу ай жарқ етіп, қайта батқандай болды», – деп суреттейді емес пе. Қыз баланың талғаммен киінуінің бір сыры – өз тұрқының кей- бір табиғи кемістігін жасырып, жақ- сы жағының бәрін айқын көрсете алатындай, яғни сән үлгісін өзіне бе- йімдей ала білуінде; ішкі, рухани мә- дениеті төмен адамның дұрыс тал- ғаммен әдемі киіне алуы да екіталай. Жас адамның, әсіресе қыз баланың бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы,сөз саптауы, жұртпен қарым-қатына- сы, т.б.) әсем де нәзік болуы тиіс.
Тәрбие ғылымының тарланы А.С.Ма- каренко дұрыс жүру, тұру әдепті бола білу ұсақ-түйек емес деп тегін айтпаған. Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана, ол бойға қо- нымды болмақ. Мінез-құлық тәлімі туралы жазылған, жақсы ақыл-ке- ңестер беретін кітаптар да аз емес. Мүмкіндігінше, соларды тауып оқу – әр бойжеткеннің парызы болмақ. Алайда, әдемі қылық пен жақсы тә- лім жайлы қаншама кітап оқып шық- қанмен ешкім өз-өзінен әдепті де, жақсы мінезді бола алмайтыны белгі- лі. Бұл арада есейіп, ер жеткенге де- йін ата-ана тәрбиесі елеулі орын ал- са, ес кіріп, ой мен бой толысқан кез- де адамның өзін-өзі ұдайы тәрбие- леуі, ауыздықтай тежеп отыруы аса маңызды. Сондықтан да, Сұлтанмах- мұт Торайғыров «Жақсылық көрсем – өзімнен, жамандық көрсем – өзім- нен, «тағдыр қылды» деулерді – шы- ғарамын сөзімнен», – деп тебіренді емес пе? Балаң жаста алғашқы махаб- бат оянады. Бұл рухани талаптан, асыл арман мен мұраттан туған асқақ сезім. Әдетте бойжеткен мен бозбаланың бір-біріне деген ыстық ықыласы бі- рігіп, сабаққа дайындалудан, киноға, сауық кешке, сырғанаққа бірге бару- дан, оңаша жерде бір-бірімен сыр- ласудан, оқыған кітаптары, адамдар- дың жақсы, жаманды қасиеттері жай- лы пікір алысуы арқылы өрбиді. Ма- хаббатпен әрленген рухани қарым- қатынас балаң жастың жанын бақыт- нұрға толтырып, шат-шадыман күй- ге бөлеп, биік мақсат-мұратқа жете- лейді.«Махаббаттың мың түрлі құпиясы бар, жүрек оны жан шыққанша жа- сырар» дегендей, жас адамның осын- дай нәзік жан-күйін түсіне білген үл- кендер (әке-шеше, аға-жеңге, т.б.) олар- дың арына тиіп, өздерінен алыста- тып алмай, қайта ақылын айтып, ту- ра жолға бағыттап отыруы – үлкен адамгершіліктің белгісі болмақ. Қыз абыройы – болашақ отбасының, бо- сағаның беріктігіне қатысты мәселе. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңіш- ке» деп, қыздың жаза баспауын қа- таң қадағалап отырған. Әрине, бой- жеткен абыройы оның ақыл-пара- сатына, инабаттылығына, іске бейім- ділігіне, өнерпаздығына, білімдар- лығына, сезім дүниесі жайлы ой-өре- сінің тереңдігіне байланысты екені хақ. Сондықтан да әрбір ата-ана өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды. Әсі- ресе қыз анасына көп нәрсе байла- нысты. Ал, анасын ардақтай білмеген қыз өз абыройын да сақтай білмей- ді. Өз намысын қорғаған қыз ожар, есер жігітке кіріптар болмайды, қай- та есті жігітке ес қосады.
Қыз абыройлы болу үшін оның мі- нез-құлқы ибалы, инабатты болуы ке- рек. «Қыз қылығымен жағады» де- ген мақал содан қалған. Халық тал шыбықтай бұралып, өсіп келе жатқан балаң қыздың алдына келешекте кездесетін өмірлік міндеттер қойып, оларды орындап отыруды да қыз абыройы деп есептеген. Сөйтіп, қа- зақ ұғымында, жоғарыда айтып кет- кеніміздей, бойжеткен парызы – ізет- тілік пен биязылық, жарасты киіну, әжесі мен атасын, шеше мен әкені барынша қадір тұтып, сый-құрмет,көрсету, қабақ шытпай жүріп – тұру, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, өсек- аяңға жоламау, орынсыз дөрекі сөй- леп, шайпау болмау, ұрпақ тәрбиесі- нен хабардар болу, ұлттық салт-дәс- түрді құрмет тұту, ана тілін ардақтау, жеңгесімен жанындай дос болу, үй шаруасына араласу (қой, сиыр сауа білу, арқан есіп, жіп иіріп, кілем то- қып, кесте тіге білу, ас-суды әзірлей алу, т.б.), яғни үй шаруасына қажет- ті дағды икемділіктерді жетік мең- герген бесаспап жан болып қалып- тасу. Сондықтан да әрбір ата-ана үй- де де, түзде де, қаршадайынан осы- нау қасиеттерді қыз баланың бойы- на дарытып отырулары қажет.