БИЯЗЫЛЫҚ – адамның сыртқы ортамен байланыс жасайтын қарым- қатынастарының ішіндегі сыпайы- гершілік, әдептілік жиынтығы. Жа- ғымды мінез бітістерінің бір сипаты. Әлеуметте белгілі нормалар мен адам- гершілік принциптерін орындауға бейімділік. Б. адамға қажет қасиет, сезімталдық мөлшерінің негізгі бел- гілерінің бірі. Ұлы ақын Абай «Жү- ректен қозғайтын, әдептен озбайтын» деп, биязылықтың нормасын сақ- тауды адамдық парыз санаған. Б. – мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет, оның әдет-ғұрыпқа айналуы бия- зылықты қалыптастырады. Б. әлеу- меттік ортаның талабына бейімделу- ге жетелейтін тұлғаның қасиеті.