БЕХТЕРЕВ ВЛАДИМИР МИХАЙЛОВИЧ

БЕХТЕРЕВ ВЛАДИМИР МИХАЙЛОВИЧ (1857-1927) – физиология, психология, педология, меди- цина саласында Сеченев, Павлов- тармен қатар тұратын ғұлама ғалым. В.М.Бехтерев 1857 жылдың 1 февра- лында Вятск губерниясындағы Сора- ли селосында дүниеге келді. Ол жас шағында тұрмыс қиыншылығын көп көрді. Жас кезінен табиғатты ерекше сүйетін Бехтерев гимназияда жүрген- де-ақ ғылыми-жаратылыстану әде- биеттерін құмарта оқиды, ағылшын- ның ұлы табиғат зерттеушісі Ч.Дар- виннің еңбектерімен танысады. Бех- терев гимназияны бітіргеннен кейін Петербургтегі Медико-хирургиялық (кейін Әскери-медициналық деп атал- ған) академияға оқуға түседі. Акаде- мияның аудиторияларында студент Бехтерев бұрын білуге ынтызар бол- ған ғылым негіздерін бар ынта-жіге- рімен меңгере бастайды. Академия- ның соңғы курсында ол машинаның күрделі проблемаларының бірі – жүй- ке және психика ауруларының кли- никалық мәселелеріне ерекше назар аударады.1878 жылы Бехтерев академияны үз- дік бітіреді. Оның талант қабілетін байқаған ғалымдардың көмегімен ол профессорлық қызметке әзірленуге академияда қалады. 1880 жылы Бех- терев «Кейбір психикалық аурулар- дағы дененің температурасын зерт- теудің клиникалық тәжірибесі» деген тақырыпта диссертация қорғайды. Оған приват-доцент атағы беріліп, Қазан университетіне қызметке жібе- ріледі.

Бехтеревтің ғылыми шығармашылы- ғының Қазанда өткен дәуірі ғылыми және саяси-әлеуметтік істерге толы. Ол Қазандағы округтік психиатрия- лық емхананы үлкен клиникаға ай- налдырады, мұнда ғылыми және пе- дагогикалық мәні бар мәселелерді зерттейді. Қазан университетінде ол Россияда бірінші болып психофи- зиологиялық лаборатория ұйымдас- тырады, невропатологтер мен пси- хиатрлардың қоғамын құрып, «Невро- логия хабаршысы» дейтін журнал шы- ғарады. Қазанда болған 8 жыл ішінде ол «Кейбір байқалған жүйке аурула- ры» деген екі томдық еңбегін және өзінің классикалық еңбегі «Бас майы мен жұлынның өткізгіш жолдарын» баспаға әзірлейді.

1893 жылдан Бехтерев Петербургтегі Әскери-хирургиялық академияда қыз- мет етеді. Мұнымен қатар ол Әйел- дер медицина институтының жаңа- дан ашылған жүйке және психика ау- рулары кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Академияның клиникасын басқару- дағы 20 жыл ішінде Бехтерев «Ми функциясы туралы ілімдердің негізі»,

«Психика және өмір», «Объективтік психология»  атты  күрделі еңбектермен қатар, ғылымның әр саласында 200-ден аса құнды мақалалар жария- лады.

Ғылым дүниесінде Бехтерев невро- патология және психиатрия саласын- дағы еңбектерімен ерекше көзге тү- седі. Ол психикалық ауруы бар адам- дарды емдеп жазуға болатындығын дәлелдеді.

В.М.Бехтеревтің оқу-тәрбие мәселе- сіне байланысты көптеген құнды пі- кірлері де аз емес. Ол педологияның Ресейде негізін қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *