БЕЛСЕНДІЛІК

 

БЕЛСЕНДІЛІК – тұлғаның іс- әрекеттегі функционалдық көрінісі. Ол субъекттің өзімен ұйымдастырылады, реттеледі және құрылымданады. Б. – бұл тұлғаның өз қажеттіліктерін, қабілеттерін, өмірге қатынастарын қоғамның қоятын талаптарымен үй- лестіру негізіндегі тұлғаға ғана тән өмірді ұйымдастыру, реттеу және өзін-өзі реттеу тәсілі. Б-тің қозғау- шы күштері, құралдары, сыртқы та- лаптардың бірігу тәсілі тұлғаның іш- кі құрылымына байланысты болады. Жоғары талаптану мен қабілеттердің төменгі деңгейінде бұл жүйе қайшы- лықты болады, ол тұлғадан белгілі бір күшті, ерік-жігер әрекетін неме- се сыртқы көмекті қажет етеді. Сон- дықтан, белсенділік қалаулы мен қа- жеттінің, бар мен потенциалдының, жеке-дара мен типтіктің арасындағы қайшылықты тұлғаға тән шешу тәсі- лін білдіреді. Б. психологияда белсен- ділік іс-әрекеттің динамикалық шар- ты оның пайда болу, орындалу және басқа түрге өзгеру, өздік қозғалыс қасиеті туралы түсінік. Тірі жандар- дың спонтандық қимыл-қозғалыс ту- дыруға және ішкі немесе сыртқы сти- мул – тітіркендіргіштердің әсерімен өзгеріске ұшырауға қабілеттілігін тү- сіндіретін ұғым. Іс-әрекетті орындау барысында Б. нәтижелілікке жетелей- ді. Б. іс-әрекеттің мотивтеріне де тә- уелді болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *