БЕЙСАНА

БЕЙСАНА – санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқары- латын әрекет. Б. әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана, субъект өзі- не әсері бар екенін есеп бере алмай- тын шынайы құбылыстың ықпалы- мен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы неме- се психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылы- ғы, бейсананы ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен, қазіргі және бо- лашақ жай бірігіп бір психикалық ак- тіде іске асады (мысалы, түс көруде). Бейсаналық балада ертеректе бола- тын (таным әрекетінде) ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрей- ленгенде, түстерінде, гипноздық жағ- дайда көрініс береді. Бейсаналы құ- былыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд «бей- саналықты динамикалық ығыстыру» терминін ғылымға енгізді. Ол бейса- налықта әлеуметтік нормалардың та- лабына байланысты іске аспаған әуес- қойлық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсана- лықты зерттеуге қазіргі кезде көп кө- ңіл бөлінуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *