АЙҚАБАҚ

АЙҚАБАҚ з а т. к ө н е. 1. Туған ай пішіндес етіп құйылған сом алтын немесе күміс; алтынқабақ. Нысанаға тайтұяқ, жамбы, а й қ а б а қ ілінеді (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 67). А й қ а б а қ т ы жігіттер бір орында тұрып атады (Ер қанаты, 211). 2. Ағаш басына ілініп қойылған айқабақты садақпен атып түсіру сайысы; спорт түрі (Қаз. этнография., 1, 87). А й қ а б ақ – жыл сайын өткізіліп тұратын үлкен ру-тайпалық деңгейдегі садақ ату сайысының ең жоғарғы түрі (Бұл да, 88).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *