Әлім

Әлім, Әлімұлы—Қаракесек деп те аталады. Әлімұлының алты тармағы болғанына орай, ел ішінде «Алты Әлім» деп те атайды. Шежіре бойынша Әлімұлына Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), ұланақ (Қаракесек), Тегінболат (Қарасақал), Тойқожаны (Ақкете) жатады. Әлім тайпасынан Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биден бастап Алты Алашқа белгілі Есет, Көтібар, Құлбарақ, Жанғожа, Ақтан, Алтай, Арал батырлар, қарасақал Ерімбет ақын, Нұртуған жырау, Жетес шешен, Әжібай, Сопақ, Мырзағұл т.б. билер шыққан.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *