Шу—Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу аталады. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері: (Қазақстанда): Қорағаты, Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғарғы ортотоқой және Төменгі ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсына ортотоқой бөгені салынған.